“Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жалағаш ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) “Тез бұзылуға бейім заттай дәлелдемелерді сақтайтын ұйымды айқындау туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 94 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5517 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 мамырда “Жалағаш жаршысы” газетінде және 2016 жылғы 20 маусымда “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) Тез бұзылуға бейім заттай дәлелдемелерді сақтайтын ұйымды айқындау туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы №94 қаулысына өзгерістер енгізу туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 тамыздағы № 183 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6420 болып тіркелген, 2018 жылғы 11 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш ауданының әкімі | А. Шаменов |