Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 05-10-863 ақпараттық хатының негізінде Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 26 ақпандағы № 32/477 "Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2996 болып тіркелген, 2016 жылы 5 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ә.Қ. Дауылбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | К. Дербисов |
Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы | Н. Тумышев |