Маңғыстау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 26 ақпандағы № 32/477 "Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2020 жылғы 20 қарашадағы № 38/458 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 қарашада № 4349 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 05-10-863 ақпараттық хатының негізінде Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 26 ақпандағы № 32/477 "Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2996 болып тіркелген, 2016 жылы 5 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ә.Қ. Дауылбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы К. Дербисов
      Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы Н. Тумышев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады