"Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 26 ақпандағы № 32/477 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 29 наурызда № 2996 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облыстық мәслихатының 2020 жылғы 20 қарашадағы № 38/458 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 20.11.2020 № 38/458 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары туралы Үлгілік ережені бекіту туралы" 2015 жылғы 28 қарашадағы № 11-НҚ Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының нормативтік қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12514 болып тіркелген) сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған "Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 21/311 "Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2586 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Д.Сейбағытов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім Ереженің 2019 жылғы 1 қантардан бастап қолданысқа енгізілетін 16-тармағының 3) тармақшасын қоспағанда, әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б. Уандықов
      Облыстық мәслихат
      хатшысының міндетін атқарушы Ә. Сахимов

  Маңғыстау облыстық мәслихатының
  2016 жылғы 26 ақпандағы
  № 32/477 шешімімен
  бекітілген

"Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

      Осы Ереже Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының мәртебесін, өкілеттіктерін және жұмысының ұйымдастырылуын айқындайды.

      1. Жалпы ережелер

      1. Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы (бұдан әрі – Тексеру комиссиясы) жергілікті бюджеттің атқарылуына сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

      2. Тексеру комиссиясы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, Тексеру комиссиясының Регламентіне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жүзеге асырады.

      3. Тексеру комиссиясы ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, логотипі, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Тексеру комиссиясы азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Тексеру комиссиясының егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Тексеру комиссиясы өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Тексеру комиссиясы Төрағасының бұйрықтарымен және Тексеру комиссиясының қаулыларымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Тексеру комиссиясының құрылымын Тексеру комиссиясының Төрағасы, төрт мүшесі және аппараты құрайды. Тексеру комиссиясының штат саны лимитін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

      8. Тексеру комиссиясының заңды мекенжайы:

      130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, № 1 үй.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі.

      10. Тексеру комиссиясы туралы ережені Маңғыстау облысының мәслихаты бекітеді.

      11. Осы ереже Тексеру комиссиясының құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Тексеру комиссиясының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      13. Тексеру комиссиясына кәсіпкерлік субъектілерімен Тексеру комиссиясының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен Тексеру комиссиясына кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Тексеру комиссиясының миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Тексеру комиссиясының миссиясы Маңғыстау облысының аумағында қаржы тәртібін нығайту және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында, жергілікті бюджет қаражатын, мемлекет және квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерін басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру болып табылады.

      15. Тексеру комиссиясының негізгі міндеттері:

      1) жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына, мемлекет және квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерiнiң пайдаланылуына жергiлiктi деңгейде сыртқы мемлекеттiк аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыру;

      2) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасы және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы, бюджет қаражатының, мемлекет және квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерiнiң пайдаланылуы саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi талаптарының сақталуын бақылау;

      3) жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын, аумақтарды дамыту бағдарламаларының және бюджеттiк бағдарламалардың іске асырылуын талдау және бағалау.

      16. Тексеру комиссиясы Маңғыстау облысының шегінде мына функцияларды:

      1) мыналардың:

      өзінің мазмұны бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті есебіне қорытынды болып табылатын есепті қаржы жылы үшін жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есеп дайындай отырып, Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес жергілікті бюджетті жоспарлаудың және атқарудың;

      байланысты гранттарды, бюджеттік инвестицияларды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды және мемлекет активтерін пайдаланудың;

      жергілікті атқарушы орган мен квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің экономиканың немесе экономиканың жеке алғандағы саласының, әлеуметтік және басқа да мемлекеттік басқару салаларының дамуына әсерінің;

      тиісті бюджетті атқару және мемлекет активтерін пайдалану бөлігінде, ал Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары бойынша өзге де бағыттар бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылуының;

      жергілікті атқарушы орган мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлау негізділігінің, олардың іске асырылуының және жүзеге асырылу тиімділігінің;

      тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алуға бөлінген (жұмсалған) жергілікті қаржы ресурстарының мөлшері мен сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық құны арасындағы айырманы бағалауды қоса алғанда, баға белгілеудің;

      квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқарудың;

      салықтық әкімшілендірудің;

      шарттардың;

      қоршаған ортаны қорғау саласындағы;

      ақпараттық технологиялар саласындағы;

      мемлекеттік аудит объектілері қызметінің тиімділік аудитін жүзеге асырады;

      2) мыналарға:

      мемлекеттік аудит объектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау анықтығына және дұрыстығына;

      жергілікті атқарушы органның және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шарт талаптарын орындауына;

      жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің, бюджетке түсетін түсімдерді алудың толықтығы мен уақытылылығына, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қате (артық) төленген соманы қайтаруға, есепке жазудың дұрыстығына;

      жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер және кредиттер түрінде бөлінген қаражатты, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекеттік кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалануға;

      квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаржы-экономикалық негіздемеге сәйкес, өздеріне бөлінген жергілікті бюджет қаражатын пайдалануына сәйкестік аудитін жүзеге асырады;

      3) жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне аудит жүргізеді.

      17. Тексеру комиссиясының құқықтары:

      1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органынан, мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан құпиялылық режимiнiң, қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, ведомстволық ақпараттық жүйелер деректерінің құрамы мен форматтары туралы мәліметтерді, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру және мемлекеттік аудитті жүзеге асыру, бюджеттің атқарылуы туралы есептерді дайындау үшін қажетті құжаттаманы (ақпаратты) сұратады және алады;

      2) барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті, анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама шығарады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік және өзге де ақпараттық жүйелерге мемлекеттік аудит жүргізу үшін қажетті қолжетімділікті алады;

      4) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қаулыда немесе нұсқамада белгіленген мерзімдерде ұсынымдар мен нұсқамалардың орындалуы туралы растайтын құжаттары қоса берілген ақпаратын алады;

      5) сыртқы мемлекеттік аудит жүргізумен байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік аудит объектілері лауазымды адамдарының тиісті ақпаратын тыңдайды;

      6) мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша лауазымды адамдарды тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы оларды тағайындаған адамдарға ұсыныстар енгізеді;

      7) лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін сақтамауының анықталған фактілері бойынша, сондай-ақ тиімділік аудитінің нәтижелері бойынша облыстың мәслихатына (бұдан әрі – мәслихат) ұсыныстар енгізеді;

      8) аумағында өздері жұмыс істейтін облыстық бюджетке, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте құрылған аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне қатысты сараптамалық-талдау қызметін жүзеге асырады;

      9) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген құзырет шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргізуді қозғайды;

      10) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен (бұдан әрі – Есеп комитеті) және басқа мемлекеттік органдармен келісу бойынша бірлескен немесе қатар тексерулерді жүргізуге қатысады;

      11) мемлекеттік аудитті жүргізу үшін мемлекеттік органдардың тиісті мамандарын (олардың келісімі бойынша), сондай-ақ қажет болған кезде аудиторлық ұйымдарды, сарапшыларды олар көрсететін қызметтеріне тиісті бюджеттен бөлінген қаражат шегінде ақы төлей отырып тартады;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      18. Тексеру комиссиясының міндеттері:

      1) аудиторлық есептердің және (немесе) қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есептердің негізінде аудиторлық қорытындыны бекітеді;

      2) Тексеру комиссиясының қаулыларын қабылдайды;

      3) аудиторлық іс-шара және сараптамалық-талдау іс-шаралары барысында анықталған (анықталатын) бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды;

      4) мемлекеттік аудит объектісі лауазымды адамдарының әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларда, материалдарды тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға береді;

      5) бюджетке өтеуді қамтамасыз ету, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар беру және (немесе) анықталған бұзушылықтар сомасын есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтіру және Тексеру комиссиясының нұсқамаларын орындау мақсатында сотқа талап қоюды береді;

      6) ішкі аудит қызметтерінің құжаттарын қоспағанда, басқа мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелерін, егер оларды Қазақстан Республикасының азаматтық-процестік заңнамасына сәйкес сот заңсыз деп танымаса, оларды таниды;

      7) мемлекеттік аудит нәтижелері танылған жағдайларда басқа мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізген мемлекеттік аудит материалдарын негізге ала отырып, мемлекеттік аудит көлемін қысқартады;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда аудиторлық іс-шаралар мен тексерулерді тіркеуді жүзеге асырады;

      9) мемлекеттік аудитті және сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізуді тиімді жоспарлау мақсатында, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын, есептілікті Тексеру комиссиясының ведомстволық ақпараттық жүйелері мен Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорға орналастырады, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбелері бекітілгенге дейін олар туралы ақпарат алмасуды келісілген мерзімдерде жүзеге асырады;

      10) тексерулердің қайталануын болғызбау мақсатында мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбелерін және оларға өзгерістерді келіседі;

      11) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларына оларда белгіленген мерзімдерде немесе, егер мерзімі көрсетілмеген болса, оларды алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарау және орындау үшін қаулылар мен нұсқамалар жібереді;

      12) өздері аудиторлық қорытындыда берген ұсынымдардың және міндетті түрде орындалуға бағытталған нұсқамалардың мониторингін жүйелі негізде жүзеге асырады;

      13) жүргізілетін аудиторлық іс-шаралардың қорытындыларын жүйелі түрде талдайды, бюджеттің атқарылуы, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін пайдалану процесінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің себептері мен салдарларын жинақтап қорытады және зерделейді, сондай-ақ бюджет заңнамасын жетілдіру және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды тиісті уәкілетті органдардың қарауына ұсынады;

      14) Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары үйлестіру кеңесінің шешімдерін орындауды және Есеп комитетіне тиісті ақпарат ұсынуды қамтамасыз етеді;

      15) Есеп комитетінің сұрау салулары бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы ақпарат ұсынады;

      16) құпиялылық режимiнiң, қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында өз қызметі туралы ақпаратты орналастырады;

      17) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шаралар қолдануды қамтамасыз етеді.

3. Тексеру комиссиясының қызметін ұйымдастыру және оның лауазымды адамдарының өкілеттіктері

      19. Тексеру комиссиясы басшылығының құрамы бес жыл мерзімге тағайындалатын Төрағадан және төрт мүшеден тұрады.

      20. Мәслихат Есеп комитетінің ұсынысы және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісу бойынша Тексеру комиссиясының Төрағасын қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.

      21. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес мәслихат Тексеру комиссиясының мүшелерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.

      22. Тексеру комиссиясы Төрағасының өкілеттіктері:

      1) жалпы басшылықты жүзеге асырады және Тексеру комиссиясына жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады;

      2) Тексеру комиссиясының регламентін бекітеді;

      3) Тексеру комиссиясы мүшелері мен Тексеру комиссиясы аппаратының жұмысын ұйымдастырады;

      4) Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттiк органдарында, ұйымдарында және одан тыс жерлерде Тексеру комиссиясының атынан өкiлдiк етедi;

      5) бекiтiлген штат саны және облыстық бюджетте көзделген қаражат шегiнде Тексеру комиссиясы аппаратының құрылымы мен штат кестесiн бекiтедi;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Тексеру комиссиясы аппаратының басшысын және қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;

      7) мемлекеттiк қызмет туралы заңнамада белгiленген тәртiппен Тексеру комиссиясының қызметкерлерiн көтермелейді және оларға тәртiптiк жаза қолданады;

      8) өз құзыретi шегiнде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар бередi, олардың орындалуын тексередi, Тексеру комиссиясының отырыстарында қабылданған қаулыларға және нұсқамаларға қол қояды;

      9) мемлекеттік аудитті тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде ұйымдастыруды көздейтін, мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін бекітеді;

      10) Тексеру комиссиясының мүшелерiне мемлекеттік аудитті және (немесе) үстеме, бірлескен және қатар тексерулерді жүргізуге тапсырмалар бередi;

      11) Тексеру комиссиясының құзыретi шегiнде аудиторлық iс-шараларды жүргiзуге қатысатын Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторларының құрамын айқындайды;

      12) Тексеру комиссиясының аудиторлық, сараптамалық-талдау қызметіне мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандартының сақталуы мәніне, соның iшiнде мемлекеттік аудит объектiсiнде бола отырып сапаны бақылау жүргізудің қажеттілігін айқындайды;

      13) жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына және мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерiнiң пайдаланылуына мемлекеттік аудит мәселелерiне қатысты құжаттамамен құпиялылық режимiнiң, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, кедергiсiз танысады;

      14) мемлекеттік аудит объектiлерiнен аудиторлық iс-шараларды жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша қажеттi анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсiнiктемелердi талап етедi және өзi белгiлеген мерзiмде алады;

      15) Тексеру комиссиясының мүшелерiн қызметке тағайындаған, сондай-ақ оларды қызметiнен босатқан кезде олардың кандидатуралары бойынша ұсынысты тиісті мәслихаттың қарауына енгізеді;

      16) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің мәслихатына аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi ұсыну жөніндегі міндетті облыстың Тексеру комиссиясы мүшелерiнiң бiрiне жүктейдi;

      17) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің облыс, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгiнiң отырыстарына қатысуға құқылы;

      18) Тексеру комиссиясы Төрағасының жанынан консультативтiк-кеңесшi және консультативтiк-сараптамалық органдар құрады;

      19) өзi болмаған жағдайда, Тексеру комиссиясы Төрағасының мiндетiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Тексеру комиссиясы мүшелерiнiң бiрiне жүктейдi;

      20) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      23. Тексеру комиссиясы мүшелерінің өкілеттіктері:

      1) Тексеру комиссиясының аудиторлық, сараптамалық-талдау, ақпараттық және өзге де қызметiн ұйымдастырады және жүзеге асырады;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады, тексерiлетiн мемлекеттік аудит объектілерінің жұмыс iстеуiне кедергi келтірмейді және олардың ағымдағы шаруашылық қызметiне араласпайды;

      3) жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің пайдаланылуына мемлекеттік аудитті жоспарлау және жүргізу мәселелерiне қатысты құжаттамаға құпиялылық режимiнiң, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, кедергiсiз қол жеткiзе алады;

      4) мемлекеттік аудитті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша қажеттi анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсiнiктемелердi мемлекеттік аудит объектiлерiнен талап етедi және өздерi белгiлеген мерзiмдерде алады;

      5) өздерi басқаратын (жетекшiлiк ететiн) қызмет бағыттарының мәселелерi бойынша өз құзыретi шегiнде дербес шешiм қабылдайды;

      6) өз құзыретi шегiнде мемлекеттік аудитті тиiмдi ұйымдастыру үшiн қажеттi ресурстардың көлемiн айқындай отырып, мемлекеттік аудиттің бағдарламаларын бекiтедi, аудиторлық қызметті ұйымдастыру бойынша міндеттердің бөлінуіне сәйкес, нұсқамаларға қол қояды;

      7) мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған бекiтiлген тізбесіне сәйкес Тексеру комиссиясы аппаратының қызметкерлерiне мемлекеттік аудит жүргізуге тапсырмалар бередi;

      8) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің облыс, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгiнiң отырыстарына қатысуға құқылы;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      24. Тексеру комиссиясының Төрағасына және мүшелерiне облыс мәслихатының хатшысы қол қоятын куәлiктер берiледi.

      25. Тексеру комиссиясы облыстың мәслихатына Тексеру комиссиясы Төрағасының және мүшелерінің өкілеттік мерзімінің алдағы аяқталатын мерзімі туралы күнтізбелік отыз күн бұрын хабарлайды.

      26. Тексеру комиссиясының Төрағасы және мүшелері:

      1) мәслихаттың қызметтен босату туралы шешім қабылдауы;

      2) оларға қатысты соттың айыптау үкiмi заңды күшiне енуі;

      3) белгіленген тәртіппен әрекет қабiлеті шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп танылуы;

      4) анттарын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және осы Ережені бұзуы, өздерінің мәртебесімен сыйыспайтын теріс қылық жасауы, лауазымдық міндеттерін сақтамауы;

      5) қайтыс болуы себепті, сондай-ақ хабарсыз кеткен деп танылған не қайтыс болды деп жарияланған жағдайда;

      6) Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуы;

      7) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуі;

      8) басқа лауазымға тағайындалуы себепті қызметінен мерзімінен бұрын босатылады.

      27. Тексеру комиссиясы Төрағасы мен мүшесінің өкілеттіктері қызметінен босату туралы өтініш беру түрінде мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, Тексеру комиссиясының Төрағасы мен мүшесі қызметінен босату туралы тиісті өтініш берілгенге дейін кемінде бір ай бұрын мәслихатты жазбаша хабардар етеді.

      28. Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараны жүргізу, сондай-ақ ақпараттық-талдамалық, құқықтық, консультативтік, ұйымдастырушылық және өзге де қызметін Тексеру комиссиясының аппараты қамтамасыз етеді. Тексеру комиссиясының аппараты мемлекеттік әкімшілік қызметшілер болып табылатын лауазымды адамдардан тұрады, оны Тексеру комиссиясының Төрағасы тағайындайтын аппарат басшысы басқарады.

      29. Аппарат қызметкерлерінің құқықтары, міндеттері мен жауаптылығы, сондай-ақ олардың мемлекеттік қызметті өткеру жағдайлары мемлекеттік қызмет туралы заңнамамен, еңбек заңнамасымен, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамамен және осы Ережемен айқындалады.

      30. Тексеру комиссиясы аппаратының қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 39-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      31. Тексеру комиссиясының қызметі Тексеру комиссиясының Төрағасы бекітетін мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларына негізделген Есеп комитетінің сұрау салуларын, тиісті мәслихаттардың шешімдерін және Тексеру комиссиясы Төрағасының бастамасын қоспағанда, Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      32. Тексеру комиссиясы өзiнiң қызметiн жүзеге асыру кезiнде

      мемлекеттік аудит объектiсiнен тәуелсiз болады. Тексеру комиссиясының тәуелсiздiгi:

      1) Тексеру комиссиясының қызметiне мемлекеттiк органдардың және өзге де ұйымдардың заңсыз араласуына;

      2) мемлекеттiк органдардың сұрау салулары бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесінде көзделмеген тексерулердi жүргiзуге Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторлары мен өзге де лауазымды адамдарын тартуға жол бермеу жолымен қамтамасыз етiледi.

      33. Тексеру комиссиясының жергілікті бюджет қаражатын пайдалануын мемлекеттік бақылау және қадағалау облыстық мәслихаттың келісімі немесе тапсырмасы бойынша жүргізіледі.

      34. Тексеру комиссиясының шешімдер қабылдауы отырыста алқалы түрде жүзеге асырылады.

      35. Тексеру комиссиясының отырысында мемлекеттік аудиттің қорытындылары, жоспарлау, әдiснама мәселелерi, алқалы шешiмдi талап ететiн өзге де мәселелер қаралады.

      36. Тексеру комиссиясының отырыстары ашық немесе жабық түрде өтедi. Тексеру комиссиясының шешiмдерi Тексеру комиссиясының отырысқа қатысушы құрамының жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушi дауыс берген шешiм қабылданған болып есептеледi.

      37. Тексеру комиссиясының отырыстарын жүргiзудiң тәртiбi, жұмысты ұйымдастыру мәселелерi және басқа да мәселелер Тексеру комиссиясының регламентiмен айқындалады.

      38. Есеп комитеті бекітетін Тексеру комиссиясының мәслихаттарға жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсынуы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында айқындалған нысан мен құрылымға сәйкес, Тексеру комиссиясы жыл сайын есепті қаржы жылы үшін жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасайды және мәслихаттардың қарауына ұсынады.

      39. Есеп комитеті бекітетін Тексеру комиссиясының Есеп комитетіне ақпарат ұсынуы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында айқындалатын нысан мен құрылымға сәйкес, Тексеру комиссиясы тоқсан сайын есепті кезең үшін Есеп комитетіне өз жұмысы туралы ақпарат ұсынып отырады.

4. Тексеру комиссиясының мүлкі

      40. Тексеру комиссиясының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      41. Тексеру комиссиясының мүлкі оған меншік иесі берген мүліктің, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүліктің (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен қалыптасады.

      42. Тексеру комиссиясына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      43. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Тексеру комиссиясы өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иелігінен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқылы емес.

      44. Тексеру комиссиясының Төрағасын, мүшелерін және аппарат қызметкерлерін материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға көліктік қызмет көрсету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

5. Тексеру комиссиясын қайта ұйымдастыру және тарату

      45. Тексеру комиссиясын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады