Маңғыстау облысы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 248 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 желтоқсанда № 4395 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қазандағы № 171 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды-Маңғыстау облысы әкімдігінің 20.10.2023 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 560 "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламенті мен Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының өтініштерді қарауды бақылау бөлімдері туралы үлгілік ережені бекіту туралы" қаулысына сәйкес Маңғыстау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламенті бекітілсін.

      2. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Н.Тәжібаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы Н.Тәжібаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Маңғыстау облысының әкімі С. Трумов

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 248
  қаулысына қосымша

Маңғыстау облысы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Маңғыстау облысы әкімі аппараты лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленген және Маңғыстау облысы әкімі аппаратының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының тәртібін регламенттейді.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 16.09.2022 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды (бұдан әрі – қабылдау) Маңғыстау облысы әкімі аппаратының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде (бұдан әрі – қоғамдық қабылдау бөлмелері) мына лауазымды адамдар жүзеге асырады:

      1) облыс әкімі және оның орынбасарлары;

      2) Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы және оның орынбасарлары;

      3) Маңғыстау облысы әкімі аппаратының қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті өзге де қызметкерлері.

      3. Маңғыстау облысы әкімі аппаратының қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті өзге де қызметкерлерінің жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауына келіскен жағдайда, көрсетілген уәкілетті қызметкерлер олар өтініш жасаған күні қабылдауды жүргізеді.

2-тарау. Маңғыстау облысы әкімі аппаратында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау тәртібі

      4. Қабылдауға жазуды қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер күн сайын жұмыс күндері жұмыс уақытында түскі үзіліспен "электрондық үкімет" веб-порталындағы электрондық құжаттар, "е-Өтініш" ақпараттық жүйесінен, қағаз форматтағы, оның ішінде қолма-қол түскен өтініштер немесе қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметкеріне ауызша нысанында, сондай-ақ қоғамдық қабылдау бөлменің Call-орталығына келіп түскен өтінімдер негізінде жүргізеді.

      Ескерту. 4 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 16.09.2022 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Мәселенің мәні баяндалмаған жеке қабылдау туралы өтініш қаралмайды, бұл туралы өтініш берушiге хабарланады.

      6. Маңғыстау облысы әкімімен және оның орынбасарлары мен қоғамдық қабылдау бөлмелерінде қабылдау әкім бекіткен графикке сәйкес айына бір реттен сиретпей жүргізіледі.

      Сондай-ақ қабылдау Қазақстан Республикасы Президентінің "Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығына сәйкес есеп беру кездесуі өткізілгенге дейін бір күн бұрын және есеп беру кездесуі өткізілгеннен кейін өткізіледі.

      Ескерту. 6 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 16.09.2022 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Лауазымды адамның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), қабылдау күндері көрсетілген қабылдау кестелері қазақ және орыс тілдерінде қоғамдық қабылдау бөлмелерінің ғимаратында көзге оңай түсетін жерлерде ілінеді, сондай-ақ Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет - ресурстарында жарияланады.

      8. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары қабылдауды Маңғыстау облысы әкімінің тиісті тапсырмасы бойынша қабылдау өткізу уақытын көрсете отырып, бекітілген кестеден тыс жүзеге асыра алады.

      9. Қабылдаудың алдында жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі (бұдан әрі – арыз беруші) өзінің жеке басын куәландыратын құжатты, ал басқа тұлғалардың атынан өтініш жасаған кезде – олардың мүдделерін білдіру өкілеттігін растайтын құжаттарды көрсетеді.

      10. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 776 "Қызмет бабында пайдалану үшін" қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі нұсқаулығына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізіледі.

      Қажет болған жағдайда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау аудармашының қатысуымен жүргізіледі.

      Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қабылдауда берген өтініштері, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда оларды қараудың өзге де қағидалары көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.

      Ескерту. 10 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 16.09.2022 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Қабылдау өтініштердің кезек тәртібімен жүргізіледі. Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, барлық санаттағы мүгедектігі бар адамдар, жүкті әйелдер, "Алтын Қыран" ордендерімен марапатталған, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы бар адамдар кезектен тыс қабылданады.

      Ескерту. 11 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 16.09.2022 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Арыз берушілердің келісімімен Маңғыстау облысы әкімі және оның орынбасарларының қабылдауы бейнеконференция байланысы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

      13. Коронавирус пандемиясына немесе азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты басқа да жағдайларға орай шектеу шаралары енгізілген жағдайда қабылдау бейнеконференция байланысы арқылы ғана жүзеге асырылатын болады.

      14. Қабылдауға жазу:

      1) жергілікті атқарушы органдардың және қабылдауға қатысатын орталық мемлекеттік органдардың құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша азаматтарға бас тарту себептерінің дәлелді негіздемелерін жеткізе отырып;

      2) егер қайталама өтiнiштерде жаңа дәлелдер немесе жаңадан анықталған мән-жайлар келтiрiлмесе, бұрын қабылданған немесе сол мәселе бойынша өтінішіне жауап алған азаматтарға жүзеге асырылмайды.

      15. Қабылдаушы тұлға уақытша еңбекке жарамсыздық, қызметтік іссапар және басқа да жағдайлардың себебі бойынша қабылдау жүргізуі мүмкін болмаған жағдайда қабылдауға жауапты қызметкерді (сәйкесінше жауапты қызметкер жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдеріне хабарлайды) жеке қабылдау өткізілгенге дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні бұрын немесе жеке қабылдау өткізілетін күні қабылдауға дейін 4 (төрт) сағат бұрын хабардар етеді.

      16. Қабылдау күнінде қоғамдық қабылдау бөлмелерінде қосымша өтініштер мен басқа да ілеспе құжаттарды дұрыс ресімдеуге (қажет болған жағдайда) көмектесетін заң консультанттары, психологтар және әлеуметтік қызметкерлер тартылуы мүмкін (волонтерлерді қабылдау күндері ғана тартуға болады).

      17. Қабылдауды Маңғыстау облысының әкімі өткізген кезде Маңғыстау облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) прокуратура органдарының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) аумақтық бөлімшелері өкілдерінің қатысуын қамтамасыз етеді.

      18. Егер көтерілетін мәселе орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің құзыреті шегінен шығып кеткен жағдайда, онда тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысының атына орталық аппарат өкілдерінің бейнеконференция байланыс арқылы қатысуына сұрау салу жіберіледі.

      19. Орталық мемлекеттік орган өкілдерінің қабылдауға қатысуы бойынша (қажет болған жағдайда) сұрау салу жіберілгеннен кейін арыз беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде жіберілген сұрау салу туралы және қабылдауға жазу туралы өтінішті қараудың ұзартылғаны туралы хабардар етіледі.

      20. Мемлекеттік органдардың Маңғыстау облысы әкімінің бірлескен қабылдауына қатысудан бас тарту фактілері туралы ақпарат 2 (екі) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөліміне жіберіледі.

      21. Қабылдау арыз берушінің қалауы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.

      22. Қабылдау барысында Бөлімнің жауапты қызметкерлері арыз берушілерге Маңғыстау облысы әкімі аппаратының қызметкерлерін шақыра алады немесе тиісті лауазымды адамдармен қабылдау уақыты мен орнын келіседі.

      23. Қабылдау нәтижелері тапсырмаларды орындаудың нақты мерзімдері көрсетіліп хаттамаланады. Хаттамалық тапсырмалар өтініштерге қоса тіркеледі.

      24. Азаматтарды қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

3-тарау. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау мәселелері бойынша өтініштерді тіркеу және қарау тәртібі

      25. Қабылдауға жазу туралы келіп түскен барлық өтініштерді Бөлім қызметкерлері құжат айналымының электрондық жүйесінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде тіркейді және лауазымды тұлғаға алдын ала қарауға жібереді.

      26. Маңғыстау облысы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің қатысуымен Бөлім қабылдау басталғанға дейін 2 (екі) жұмыс күн бұрын, материалдарды жинағаннан және талдағаннан кейін Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының атына қабылдау күнін белгілеу немесе бас тарту туралы ұсыныспен анықтамалық ақпарат дайындайды.

      27. Қабылданған шешімнің қорытындысы бойынша Бөлім Маңғыстау облысының әкімі және оның орынбасарлары қабылдайтын адамдардың тізімін қалыптастырады, бекітілген тізімдерді қабылдау кестесіне кезектілік тәртібімен бөледі.

      28. Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жауапты қызметкері өтініш тіркелген кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күннен кешіктірмей арыз берушіге қабылдау уақыты мен күні немесе қабылдаудан дәлелді бас тарту көрсетілген жауапты жолдайды.

      Ескерту. 28 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 16.09.2022 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      29. Әкімшілік істі дұрыс қарау үшін, маңызы бар нақты мән-жайларды анықтау қажеттілігіне байланысты өтінішті қарау мерзімі әкімшілік орган басшысының немесе оның орынбасарының уәжді шешімімен ақылға қонымды екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, әкімшілік рәсімге қатысушы бұл туралы мерзім ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.

      Ескерту. 29 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 16.09.2022 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      30. Бөлімнің уәкілетті қызметкерлерінің Маңғыстау облысы әкімінің және оның орынбасарларының қабылдауын ұйымдастыру, қабылдауды өткізу практикасын талдау және қорыту үшін қажетті материалдарды ұсыну туралы талаптары Маңғыстау облысы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері және орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелері үшін міндетті болып табылады.

4-тарау. Қабылдау қорытындысы бойынша тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру

      31. Қабылдау қорытындысы бойынша дайындалған хаттамалық тапсырмаларды бақылауды тікелей Бөліммен жүзеге асырылады.

      32. Арыз берушіге түпкілікті дәлелді жауап қабылдаудан келіп түскен өтінішті бақылаудан алу үшін негіз болып табылады.

      33. Қабылдау барысында арыз берушілерден түскен өтініштер электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеледі. Өтініштерге "жеке қабылдаудан" деген белгі қойылады.

      34. Қабылдаудан түсетін өтінішті қарауды оны бұрын шешкен қызметкерге тапсыруға жол берілмейді.

      35. Бөлім қызметкерлері арыз берушілердің қанағаттану деңгейіне мониторинг жүргізуі тиіс: консультация алған және жеке қабылдауға жазудан бас тартқан арыз берушілерге іріктеліп телефон байланысы арқылы сауал жүргізіледі.

      36. Бөлім Маңғыстау облысының әкімі аппаратының мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп:

      1) Маңғыстау облысы әкімінің және оның орынбасарларының азаматтарды қабылдау шеңберіндегі жұмысын ақпараттық-талдамалық сүйемелдеуді;

      2) арыз берушілерді қабылдауға жауапты лауазымды адамдардың, оның ішінде орталық мемлекеттік органдардың, прокуратура және сот билігі органдарының аумақтық бөлімшелерінің жауапты лауазымды тұлғаларының қатысуын (келісім бойынша);

      3) арыз берушімен кері байланысты (қажеттілігіне қарай);

      4) төтенше жағдай, төтенше ахуал режимдерін; эпидемиологиялық сипаттағы карантиндік шараларды енгізуге; халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін техногендік және өзге де апаттармен байланысты шектеу шаралары қабылданған жағдайда жұмыс істейтін call-орталықтардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.

      37. Қабылдау жұмысының нәтижелері туралы Маңғыстау облысының әкімін, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімін тұрақты негізде (тоқсанына бір реттен сиретпей) хабардар ету қажет.

Об утверждении регламента личного приема физических лиц и представителей юридических лиц должностными лицами аппарата акима Мангистауской области

Постановление акимата Мангистауской области от 22 декабря 2020 года № 248. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 22 декабря 2020 года № 4395. Утратило силу постановлением акимата Мангистауской области от 20 октября 2023 года № 171

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Мангистауской области от 20.10.2023 № 171 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 8 сентября 2020 года № 560 "Об утверждении Типового регламента личного приема физических лиц и представителей юридических лиц должностными лицами аппарат акима области, городов республиканского значения и столицы и Типового положения об отделах по контролю за рассмотрением обращений аппарат акима области, городов республиканского значения и столицы" акимат Мангистауской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить регламент личного приема физических лиц и представителей юридических лиц должностными лицами аппарата акима Мангистауской области согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Мангистауской области" (Тажибаев Н.) обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции, размещение на интернет-ресурсах акимата Мангистауской области.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима Мангистауской области Тажибаева Н.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Мангистауской области С. Трумов

  Приложение к постановлению
  акимата Мангистауской области
  от 22 декабря 2020 года № 248

Регламент личного приема физических лиц и представителей юридических лиц должностными лицами аппарата акима Мангистауской области

Глава 1. Общие положения

      1. Регламент личного приема физических лиц и представителей юридических лиц должностными лицами аппарата акима Мангистауской области (далее – Регламент) разработан в соответствии с Административным процедурно-процессуальным кодексом Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами и регламентирует порядок личного приема физических лиц и представителей юридических лиц должностными лицами аппарата акима Мангистауской области.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции постановления акимата Мангистауской области от 16.09.2022 № 171 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Личный прием физических лиц и представителей юридических лиц (далее – прием) осуществляется в общественных приемных аппарата акима Мангистауской области, (далее – общественные приемные) следующими должностными лицами:

      1) акимом области и его заместителями;

      2) руководителем аппарата акима Мангистауской области и его заместителями;

      3) иными работниками аппарата акима Мангистауской области, уполномоченными на осуществление приема.

      3. Иные работники аппарата акима Мангистауской области уполномоченные на осуществление приема, проводят прием физических лиц и представителей юридических лиц в день их обращения в случае их согласия на прием указанными должностными лицами.

Глава 2. Порядок приема физических лиц и представителей юридических лиц в аппарате акима Мангистауской области

      4. Запись на прием ведут работники, ответственные за организацию приема, ежедневно в рабочие дни, в рабочее время с перерывом на обед, на основании электронного документа с веб-портала "электронного правительства", с Информационной системы "е-Өтініш", обращений в бумажном формате, в том числе, поступающих нарочно, либо в устной форме, изложенной работнику общественной приемной, а также заявок, поступивших в Call-центр общественной приемной.

      Сноска. Пункт 4 - в редакции постановления акимата Мангистауской области от 16.09.2022 № 171 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Обращение с просьбой о личном приеме, в котором не изложена суть вопроса, оставляется без рассмотрения с сообщением об этом заявителю.

      6. Прием в общественных приемных акимом Мангистауской области и его заместителями проводится не реже одного раза в месяц согласно утвержденному акимом графику.

      Также прием проводится в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 3 марта 2022 года № 826 "О проведении встреч акимов с населением" за день до проведения отчетной встречи и после проведения отчетной встречи.

      Сноска. Пункт 6 - в редакции постановления акимата Мангистауской области от 16.09.2022 № 171 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. График приема с указанием фамилии, имени и отчества (при его наличии) должностного лица, дни приема вывешиваются в зданиях общественных приемных на государственном и русском языках, в доступных для общего обозрения местах, а также опубликовываются на интернет-ресурсах акимата Мангистауской области.

      8. Прием заместителями акима Мангистауской области, может осуществляться вне утвержденного графика по соответствующему поручению акима Мангистауской области с указанием даты проведения приема.

      9. Перед началом приема физическое лицо или представитель юридического лица (далее – заявитель) предъявляет документ, удостоверяющий его личность, а при обращении от имени других лиц - документы, подтверждающие полномочия представлять их интересы.

      10. Прием иностранцев и лиц без гражданства Казахстан осуществляется в соответствии с Инструкцией по защите государственных секретов Республики Казахстан, утвержденной постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2021 года № 776 "Для служебного пользования" и иные нормативные правовые акты Республики Казахстан, регулирующие отношения в области защиты государственных секретов.

      В случае необходимости, прием иностранцев и лиц без гражданства проводится с участием переводчика.

      Обращения иностранцев и лиц без гражданства, поданные на приеме, рассматриваются в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, если международными договорами, ратифицированными Республикой Казахстан, не предусмотрены иные правила их рассмотрения.

      Сноска. Пункт 10 - в редакции постановления акимата Мангистауской области от 16.09.2022 № 171 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      11. Прием проводится в порядке очередности обращения. Ветераны Великой Отечественной войны, ветераны, приравненные по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны, ветераны боевых действий на территории других государств, лиц с инвалидностью всех категорий, беременные женщины, лица, награжденные орденами "Алтын Қыран", имеющие звания "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" принимаются вне очереди.

      Сноска. Пункт 11 - в редакции постановления акимата Мангистауской области от 16.09.2022 № 171 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      12. С согласия заявителей, прием акима Мангистауской области и его заместителей может осуществляться посредством видеоконференцсвязи.

      13. В случае введения ограничительных мер, связанных с пандемией коронавируса или других обстоятельств, связанных с обеспечением безопасности физических лиц и представителей юридических лиц, прием осуществляется исключительно посредством видеоконференцсвязи.

      14. Запись на прием не осуществляется:

      1) по вопросам, не входящим в компетенцию местных исполнительных органов и центральных государственных органов, присутствующих на приеме с предоставлением гражданам аргументированных обоснаваний причин отказа;

      2) гражданам, ранее принятых или имеющих ответ на обращение по тому же вопросу, если в повторных обращениях не приводятся новые доводы или вновь открывшиеся обстоятельства.

      15. В случае невозможности проведения приема по причине временной нетрудоспособности, служебной командировки и других случаев, принимающее лицо оповещает работника ответственного за прием (соответственно ответственный работник уведомляет физического лица и представителя юридического лица) не менее чем за 2 (два) рабочих дня до проведения личного приема или не менее чем за 4 (четыре) часа до приема в день проведения личного приема.

      16. В день приема в общественных приемных могут привлекаться юридические консультанты, психологи и социальные работники (возможно привлечение волонтеров только на дни приема), помогающие корректно оформить (в случае необходимости) дополнительные заявления и другие сопутствующие документы.

      17. При проведении приема акимом Мангистауской области отделом по контролю за рассмотрением обращений аппарата акима Мангистауской области (далее – Отдел) обеспечивается участие представителей территориальных подразделений органов прокуратуры, Министерства внутренних дел Республики Казахстан, Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции и Департамента по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан (аппарата Верховного Суда Республики Казахстан).

      18. В случае, если поднимаемый вопрос выходит за рамки компетенции территориальных подразделений центральных государственных органов, то на имя первого руководителя соответствующего государственного органа направляется запрос на участие представителей центрального аппарата посредством видеоконференцсвязи.

      19. После отправки запроса по участию представителей центрального государственного органа на приеме (в случае необходимости), заявитель в течение 2 (двух) рабочих дней информируется о направленном запросе и продлении рассмотрения обращения о записи на прием.

      20. Информация о фактах отказа в участии государственных органов в совместном приеме акима Мангистауской области в течение 2 (двух) рабочих дней направляется в отдел по контролю за рассмотрением обращений Администрации Президента Республики Казахстан.

      21. Прием осуществляется на государственном и русском языках, по желанию заявителя.

      22. В ходе приема ответственные работники Отдела могут пригласить к заявителям работников аппарата акима Мангистауской области или согласовывать с соответствующими должностными лицами время и место приема.

      23. Результаты приема протоколируются с указанием конкретных сроков исполнения поручений. Протокольные поручения прикрепляются к обращениям.

      24. Прием граждан освещается в средствах массовой информации.

Глава 3. Порядок регистрации и рассмотрения обращений по вопросам приема физических лиц и представителей юридических лиц

      25. Все поступившие обращения о записи на прием регистрируются работниками Отдела в электронной системе документооборота в течение 3 (трех) рабочих дней и направляются на предварительное рассмотрение должностных лиц.

      26. Отдел с участием структурных подразделений аппарата акима Мангистауской области за 2 (два) рабочих дня до начала приема, после сбора и анализа материалов готовит справочную информацию на имя руководителя аппарата акима Мангистауской области с предложением о назначении даты приема или отказе.

      27. По итогам принятого решения, Отдел формирует список лиц, принимаемых акимом Мангистауской области и его заместителями, распределяет утвержденные списки в график приема в порядке очередности.

      28. В срок, не позднее 15 (пятнадцать) рабочих дней с момента регистрации обращения, ответственный работник общественной приемной направляет ответ заявителю с указанием даты и времени приема, либо мотивированный отказ в приеме.

      Сноска. Пункт 28 - в редакции постановления акимата Мангистауской области от 16.09.2022 № 171 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      29. Ввиду необходимости установления фактических обстоятельств, имеющих значение для правильного рассмотрения административного дела, срок рассмотрения обращения может быть продлен мотивированным решением руководителя аппарата акима области или его заместителя на разумный срок, но не более чем до двух месяцев о чем извещается участник административной процедуры в течение трех рабочих дней со дня продления срока.

      Сноска. Пункт 29 - в редакции постановления акимата Мангистауской области от 16.09.2022 № 171 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      30. Требования уполномоченных работников Отдела о предоставлении материалов, необходимых для организации приема акимом Мангистауской области и его заместителями, анализа и обобщения практики проведения приема, являются обязательными для структурных подразделений аппарата акима Мангистауской области и территориальных подразделений центральных государственных органов.

Глава 4. Осуществление контроля исполнения поручений по итогам приема

      31. Контроль протокольных поручений, подготовленных по итогам приемов, осуществляется непосредственно Отделом.

      32. Основанием для снятия с контроля поступившего с приема обращения является окончательный мотивированный ответ заявителю.

      33. Обращения, поданные заявителем при проведении приема, регистрируются в системе электронного документооборота. На обращениях ставится отметка "с личного приема".

      34. Не допускается поручать рассмотрение обращения с приема работнику, которому оно ранее разрешалось.

      35. Сотрудники Отдела должны осуществлять мониторинг уровня удовлетворенности заявителей; проводить выборочный опрос заявителей посредством телефонной связи, получивших консультации и отказавшихся от записи на личный прием.

      36. Совместно с заинтересованными структурными подразделениями аппарата акима Мангистауской области Отдел обеспечивает:

      1) информационно - аналитическое сопровождение работы акима Мангистауской области и его заместителей в рамках проводимых приемов;

      2) участие ответственных должностных лиц, задействованных в приеме, в том числе ответственных должностных лиц территориальных подразделений центральных государственных органов, органов прокуратуры и судебной власти (по согласованию);

      3) обратную связь с заявителем (по необходимости);

      4) бесперебойную работу Call-центров, в случае принятия ограничительных мер, связанных с введением режимов чрезвычайного положения, чрезвычайной ситуации; карантинных мер эпидемиологического характера; техногенных аварий и иных катастроф, несущим угрозу жизни и здоровью населения.

      37. О результатах работы приема необходимо на регулярной основе (не реже одного раза в квартал) информировать акима Мангистауской области, Отдел по контролю за рассмотрением обращений Администрации Президента Республики Казахстан.