Ескерту. Күші жойылды-Маңғыстау облысы әкімдігінің 20.10.2023 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 560 "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламенті мен Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының өтініштерді қарауды бақылау бөлімдері туралы үлгілік ережені бекіту туралы" қаулысына сәйкес Маңғыстау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламенті бекітілсін.
2. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Н.Тәжібаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы Н.Тәжібаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Маңғыстау облысының әкімі | С. Трумов |
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 248 | |
қаулысына қосымша |
Маңғыстау облысы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Маңғыстау облысы әкімі аппараты лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленген және Маңғыстау облысы әкімі аппаратының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының тәртібін регламенттейді.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 16.09.2022 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды (бұдан әрі – қабылдау) Маңғыстау облысы әкімі аппаратының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде (бұдан әрі – қоғамдық қабылдау бөлмелері) мына лауазымды адамдар жүзеге асырады:
1) облыс әкімі және оның орынбасарлары;
2) Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы және оның орынбасарлары;
3) Маңғыстау облысы әкімі аппаратының қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті өзге де қызметкерлері.
3. Маңғыстау облысы әкімі аппаратының қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті өзге де қызметкерлерінің жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауына келіскен жағдайда, көрсетілген уәкілетті қызметкерлер олар өтініш жасаған күні қабылдауды жүргізеді.
2-тарау. Маңғыстау облысы әкімі аппаратында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау тәртібі
4. Қабылдауға жазуды қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер күн сайын жұмыс күндері жұмыс уақытында түскі үзіліспен "электрондық үкімет" веб-порталындағы электрондық құжаттар, "е-Өтініш" ақпараттық жүйесінен, қағаз форматтағы, оның ішінде қолма-қол түскен өтініштер немесе қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметкеріне ауызша нысанында, сондай-ақ қоғамдық қабылдау бөлменің Call-орталығына келіп түскен өтінімдер негізінде жүргізеді.
Ескерту. 4 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 16.09.2022 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. Мәселенің мәні баяндалмаған жеке қабылдау туралы өтініш қаралмайды, бұл туралы өтініш берушiге хабарланады.
6. Маңғыстау облысы әкімімен және оның орынбасарлары мен қоғамдық қабылдау бөлмелерінде қабылдау әкім бекіткен графикке сәйкес айына бір реттен сиретпей жүргізіледі.
Сондай-ақ қабылдау Қазақстан Республикасы Президентінің "Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығына сәйкес есеп беру кездесуі өткізілгенге дейін бір күн бұрын және есеп беру кездесуі өткізілгеннен кейін өткізіледі.
Ескерту. 6 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 16.09.2022 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7. Лауазымды адамның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), қабылдау күндері көрсетілген қабылдау кестелері қазақ және орыс тілдерінде қоғамдық қабылдау бөлмелерінің ғимаратында көзге оңай түсетін жерлерде ілінеді, сондай-ақ Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет - ресурстарында жарияланады.
8. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары қабылдауды Маңғыстау облысы әкімінің тиісті тапсырмасы бойынша қабылдау өткізу уақытын көрсете отырып, бекітілген кестеден тыс жүзеге асыра алады.
9. Қабылдаудың алдында жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі (бұдан әрі – арыз беруші) өзінің жеке басын куәландыратын құжатты, ал басқа тұлғалардың атынан өтініш жасаған кезде – олардың мүдделерін білдіру өкілеттігін растайтын құжаттарды көрсетеді.
10. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 776 "Қызмет бабында пайдалану үшін" қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі нұсқаулығына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізіледі.
Қажет болған жағдайда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау аудармашының қатысуымен жүргізіледі.
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қабылдауда берген өтініштері, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда оларды қараудың өзге де қағидалары көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.
Ескерту. 10 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 16.09.2022 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.11. Қабылдау өтініштердің кезек тәртібімен жүргізіледі. Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, барлық санаттағы мүгедектігі бар адамдар, жүкті әйелдер, "Алтын Қыран" ордендерімен марапатталған, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы бар адамдар кезектен тыс қабылданады.
Ескерту. 11 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 16.09.2022 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.12. Арыз берушілердің келісімімен Маңғыстау облысы әкімі және оның орынбасарларының қабылдауы бейнеконференция байланысы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
13. Коронавирус пандемиясына немесе азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты басқа да жағдайларға орай шектеу шаралары енгізілген жағдайда қабылдау бейнеконференция байланысы арқылы ғана жүзеге асырылатын болады.
14. Қабылдауға жазу:
1) жергілікті атқарушы органдардың және қабылдауға қатысатын орталық мемлекеттік органдардың құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша азаматтарға бас тарту себептерінің дәлелді негіздемелерін жеткізе отырып;
2) егер қайталама өтiнiштерде жаңа дәлелдер немесе жаңадан анықталған мән-жайлар келтiрiлмесе, бұрын қабылданған немесе сол мәселе бойынша өтінішіне жауап алған азаматтарға жүзеге асырылмайды.
15. Қабылдаушы тұлға уақытша еңбекке жарамсыздық, қызметтік іссапар және басқа да жағдайлардың себебі бойынша қабылдау жүргізуі мүмкін болмаған жағдайда қабылдауға жауапты қызметкерді (сәйкесінше жауапты қызметкер жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдеріне хабарлайды) жеке қабылдау өткізілгенге дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні бұрын немесе жеке қабылдау өткізілетін күні қабылдауға дейін 4 (төрт) сағат бұрын хабардар етеді.
16. Қабылдау күнінде қоғамдық қабылдау бөлмелерінде қосымша өтініштер мен басқа да ілеспе құжаттарды дұрыс ресімдеуге (қажет болған жағдайда) көмектесетін заң консультанттары, психологтар және әлеуметтік қызметкерлер тартылуы мүмкін (волонтерлерді қабылдау күндері ғана тартуға болады).
17. Қабылдауды Маңғыстау облысының әкімі өткізген кезде Маңғыстау облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) прокуратура органдарының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) аумақтық бөлімшелері өкілдерінің қатысуын қамтамасыз етеді.
18. Егер көтерілетін мәселе орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің құзыреті шегінен шығып кеткен жағдайда, онда тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысының атына орталық аппарат өкілдерінің бейнеконференция байланыс арқылы қатысуына сұрау салу жіберіледі.
19. Орталық мемлекеттік орган өкілдерінің қабылдауға қатысуы бойынша (қажет болған жағдайда) сұрау салу жіберілгеннен кейін арыз беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде жіберілген сұрау салу туралы және қабылдауға жазу туралы өтінішті қараудың ұзартылғаны туралы хабардар етіледі.
20. Мемлекеттік органдардың Маңғыстау облысы әкімінің бірлескен қабылдауына қатысудан бас тарту фактілері туралы ақпарат 2 (екі) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөліміне жіберіледі.
21. Қабылдау арыз берушінің қалауы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.
22. Қабылдау барысында Бөлімнің жауапты қызметкерлері арыз берушілерге Маңғыстау облысы әкімі аппаратының қызметкерлерін шақыра алады немесе тиісті лауазымды адамдармен қабылдау уақыты мен орнын келіседі.
23. Қабылдау нәтижелері тапсырмаларды орындаудың нақты мерзімдері көрсетіліп хаттамаланады. Хаттамалық тапсырмалар өтініштерге қоса тіркеледі.
24. Азаматтарды қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
3-тарау. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау мәселелері бойынша өтініштерді тіркеу және қарау тәртібі
25. Қабылдауға жазу туралы келіп түскен барлық өтініштерді Бөлім қызметкерлері құжат айналымының электрондық жүйесінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде тіркейді және лауазымды тұлғаға алдын ала қарауға жібереді.
26. Маңғыстау облысы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің қатысуымен Бөлім қабылдау басталғанға дейін 2 (екі) жұмыс күн бұрын, материалдарды жинағаннан және талдағаннан кейін Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының атына қабылдау күнін белгілеу немесе бас тарту туралы ұсыныспен анықтамалық ақпарат дайындайды.
27. Қабылданған шешімнің қорытындысы бойынша Бөлім Маңғыстау облысының әкімі және оның орынбасарлары қабылдайтын адамдардың тізімін қалыптастырады, бекітілген тізімдерді қабылдау кестесіне кезектілік тәртібімен бөледі.
28. Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жауапты қызметкері өтініш тіркелген кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күннен кешіктірмей арыз берушіге қабылдау уақыты мен күні немесе қабылдаудан дәлелді бас тарту көрсетілген жауапты жолдайды.
Ескерту. 28 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 16.09.2022 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.29. Әкімшілік істі дұрыс қарау үшін, маңызы бар нақты мән-жайларды анықтау қажеттілігіне байланысты өтінішті қарау мерзімі әкімшілік орган басшысының немесе оның орынбасарының уәжді шешімімен ақылға қонымды екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, әкімшілік рәсімге қатысушы бұл туралы мерзім ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.
Ескерту. 29 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 16.09.2022 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.30. Бөлімнің уәкілетті қызметкерлерінің Маңғыстау облысы әкімінің және оның орынбасарларының қабылдауын ұйымдастыру, қабылдауды өткізу практикасын талдау және қорыту үшін қажетті материалдарды ұсыну туралы талаптары Маңғыстау облысы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері және орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелері үшін міндетті болып табылады.
4-тарау. Қабылдау қорытындысы бойынша тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру
31. Қабылдау қорытындысы бойынша дайындалған хаттамалық тапсырмаларды бақылауды тікелей Бөліммен жүзеге асырылады.
32. Арыз берушіге түпкілікті дәлелді жауап қабылдаудан келіп түскен өтінішті бақылаудан алу үшін негіз болып табылады.
33. Қабылдау барысында арыз берушілерден түскен өтініштер электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеледі. Өтініштерге "жеке қабылдаудан" деген белгі қойылады.
34. Қабылдаудан түсетін өтінішті қарауды оны бұрын шешкен қызметкерге тапсыруға жол берілмейді.
35. Бөлім қызметкерлері арыз берушілердің қанағаттану деңгейіне мониторинг жүргізуі тиіс: консультация алған және жеке қабылдауға жазудан бас тартқан арыз берушілерге іріктеліп телефон байланысы арқылы сауал жүргізіледі.
36. Бөлім Маңғыстау облысының әкімі аппаратының мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп:
1) Маңғыстау облысы әкімінің және оның орынбасарларының азаматтарды қабылдау шеңберіндегі жұмысын ақпараттық-талдамалық сүйемелдеуді;
2) арыз берушілерді қабылдауға жауапты лауазымды адамдардың, оның ішінде орталық мемлекеттік органдардың, прокуратура және сот билігі органдарының аумақтық бөлімшелерінің жауапты лауазымды тұлғаларының қатысуын (келісім бойынша);
3) арыз берушімен кері байланысты (қажеттілігіне қарай);
4) төтенше жағдай, төтенше ахуал режимдерін; эпидемиологиялық сипаттағы карантиндік шараларды енгізуге; халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін техногендік және өзге де апаттармен байланысты шектеу шаралары қабылданған жағдайда жұмыс істейтін call-орталықтардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.
37. Қабылдау жұмысының нәтижелері туралы Маңғыстау облысының әкімін, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімін тұрақты негізде (тоқсанына бір реттен сиретпей) хабардар ету қажет.