Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Маңғыстау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1)2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 248 "Маңғыстау облысы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4395 болып тіркелген);
2)2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 171 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 248 "Маңғыстау облысы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 29673 болып тіркелген).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы А.Х. Халмұрадовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысы әкімінің міндетін атқарушы | Ж. Карагаев |