Ескерту. Күші жойылды-Маңғыстау облысы әкімдігінің 20.10.2023 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 248 "Маңғыстау облысы әкімі аппараты лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4395 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
Маңғыстау облысы әкімі аппараты лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Маңғыстау облысы әкімі аппараты лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленген және Маңғыстау облысы әкімі аппаратының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының тәртібін регламенттейді.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қабылдауға жазуды қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер күн сайын жұмыс күндері жұмыс уақытында түскі үзіліспен "электрондық үкімет" веб-порталындағы электрондық құжаттар, "е-Өтініш" ақпараттық жүйесінен, қағаз форматтағы, оның ішінде қолма-қол түскен өтініштер немесе қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметкеріне ауызша нысанында, сондай-ақ қоғамдық қабылдау бөлменің Call-орталығына келіп түскен өтінімдер негізінде жүргізеді.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Маңғыстау облысы әкімімен және оның орынбасарлары мен қоғамдық қабылдау бөлмелерінде қабылдау әкім бекіткен графикке сәйкес айына бір реттен сиретпей жүргізіледі.
Сондай-ақ қабылдау Қазақстан Республикасы Президентінің "Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығына сәйкес есеп беру кездесуі өткізілгенге дейін бір күн бұрын және есеп беру кездесуі өткізілгеннен кейін өткізіледі.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 776 "Қызмет бабында пайдалану үшін" қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі нұсқаулығына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізіледі.
Қажет болған жағдайда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау аудармашының қатысуымен жүргізіледі.
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қабылдауда берген өтініштері, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда оларды қараудың өзге де қағидалары көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Қабылдау өтініштердің кезек тәртібімен жүргізіледі. Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, барлық санаттағы мүгедектігі бар адамдар, жүкті әйелдер, "Алтын Қыран" ордендерімен марапатталған, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы бар адамдар кезектен тыс қабылданады.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жауапты қызметкері өтініш тіркелген кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күннен кешіктірмей арыз берушіге қабылдау уақыты мен күні немесе қабылдаудан дәлелді бас тарту көрсетілген жауапты жолдайды.";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Әкімшілік істі дұрыс қарау үшін, маңызы бар нақты мән-жайларды анықтау қажеттілігіне байланысты өтінішті қарау мерзімі әкімшілік орган басшысының немесе оның орынбасарының уәжді шешімімен ақылға қонымды екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, әкімшілік рәсімге қатысушы бұл туралы мерзім ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.".
2. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Маңғыстау облысының әкімі | Н. Ногаев |