Ақтау қаласы Өмірзақ ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібін бекіту туралы

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 38/425 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2021 жылғы 6 қаңтарда № 4412 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 8/46 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды- Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 06.12.2023 № 8/46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 14.12.2021 № 10/81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақтау қаласы Өмірзақ ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі бекітілсін.

      2. Ақтау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 қарашадағы № 25/238 "Ақтау қаласының Өмірзақ ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2571 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 қаңтардағы № 5-6 "Маңғыстау" газетінде, 2015 жылғы 15 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы − Д.Телегенова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Алынып тасталды- Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 14.12.2021 № 10/81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ы.Көшербай
      Ақтау қалалық мәслихатының хатшысы С. Зәкенов

  Ақтау қалалық мәслихатының
  2020 жылғы 23 желтоқсандағы
  № 38/425 шешіміне қосымша

Ақтау қаласы Өмірзақ ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі

      Ескерту. Тәртібі жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 14.12.2021 № 10/81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ақтау қаласы Өмірзақ ауылының (одан әрі – Ауыл) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №707 қаулысына сәйкес әзірленді және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындайды.

      2. Осы Тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдың аумағы учаскелерге ( шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауыл әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауыл әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      6. Ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді ауыл әкімі ұйымдастырады.

      Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

      7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында ауылдың қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауыл әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ауыл әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Ақтау қалалық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

      10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол ауыл әкімінің аппаратына беріледі.

3. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау

      12. Ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества села Умирзак города Актау

Решение Актауского городского маслихата Мангистауской области от 23 декабря 2020 года № 38/425. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 6 января 2021 года № 4412. Утратило силу решением Актауского городского маслихата Мангистауской области от 6 декабря 2023 года № 8/46

      Сноска. Утратило силу решением Актауского городского маслихата Мангистауской области от 06.12.2023 № 8/46 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
     
      Сноска. Заголовок - в редакции решения Актауского городского маслихата Мангистауской области от 14.12.2021 № 10/81 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" Актауский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить порядок проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества села Умирзак города Актау согласно приложению к настоящему решению.

      2. Признать утратившим силу решение Актауского городского маслихата от 24 ноября 2014 года № 25/238 "Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества села Умирзак города Актау" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2571, опубликовано в газете "Огни Мангистау" от 10 января 2015 года за № 5-6, 15 января 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет").

      3. Государственному учреждению "Аппарат Актауского городского маслихата" (руководитель аппарата – Д.Телегенова) обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в органах юстиции.

      4. Исключен решением Актауского городского маслихата Мангистауской области от 14.12.2021 № 10/81 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Ы.Кошербай
      Секретарь Актауского городского маслихата С. Закенов

  Приложение
  к решению Актауского городского
  маслихата от 23 декабря 2020 года
  № 38/425

Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества села Умирзак города Актау

      Сноска. Порядок - в редакции решения Актауского городского маслихата Мангистауской области от 14.12.2021 № 10/81 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

1. Общие положения

      1. Настоящий порядок проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества села Умирзак города Актау (далее – Село) разработан в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 октября 2021 года № 707 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" и определяет количество представителей жителей села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества села.

      2. В настоящим Порядке используются следующие основные понятия:

      1) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории соответствующей административно-территориальной единицы, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы;

      2) раздельный сход местного сообщества – непосредственное участие жителей (членов местного сообщества) села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома в избрании представителей для участия в сходе местного сообщества.

2. Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества

      3. Для проведения раздельного схода местного сообщества территория села подразделяется на участки (микрорайоны, улицы, многоквартирные жилые дома).

      4. Раздельный сход местного сообщества созывается и организуется акимом села.

      5. О времени, месте созыва раздельных сходов местного сообщества и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается акимом села не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами.

      6. Проведение раздельного схода местного сообщества в пределах села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома организуется акимом села.

      При наличии в пределах микрорайона или улицы многоквартирных домов раздельные сходы многоквартирного дома не проводятся.

      7. Перед открытием раздельного схода местного сообщества проводится регистрация присутствующих жителей, села имеющих право в нем участвовать.

      Раздельный сход местного сообщества считается состоявшимся при участии не менее десяти процентов жителей (членов местного сообщества), проживающих в данном селе и имеющих право в нем участвовать.

      8. Раздельный сход местного сообщества открывается акимом села или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода местного сообщества является аким села или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода местного сообщества открытым голосованием избирается секретарь.

      9. Кандидатуры представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода местного сообщества в соответствии с количественным составом, утвержденным Актауским городским маслихатом.

      10. Голосование проводится открытым способом, персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшее количество голосов участников раздельного схода местного сообщества.

      11. На раздельном сходе местного сообщества ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима села.

3. Определение количества представителей жителей села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества

      12. На раздельных сходах местного сообщества жителей села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома избираются представители для участия в сходе местного сообщества в количестве не более трех человек.