Ақтау қаласының Өмірзақ ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтау қалалың мәслихатының 2014 жылғы 24 қарашада № 25/238 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 желтоқсанда № 2571 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 38/425 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 23.12.2020 № 38/425 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Ақтау қаласының Өмірзақ ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Ақтау қалалық мәслихатының аппарат басшысы (Д.Телегенова) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың депутаттар өкілеттігі және әдеп, заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Ы.Көшербай).

      4. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы,


қалалық мәслихат


хатшысы М.

Молдағұлов


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Өмірзақ ауылы әкімінің

      міндетін атқарушы

      Н.Құрманбаев

      2014 жылғы 24 қараша

  Ақтау қалалық мәслихатының
2014 жылғы 24 қарашадағы
№ 25/238 шешімімен
бекітілген

Ақтау қаласының Өмірзақ ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ақтау қаласының Өмірзақ ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3бабының 6 тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Өмірзақ ауылының, оның ішінде Рауан, Приморский, Приозерный-1, Приозерный-2, Приозерный-3 тұрғын массивтері тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді. Сонымен бірге Приозерный-1, Приозерный-2, Приозерный-3 тұрғын массивтерінің тұрғындары үшін бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны бөлек бір жиын нысанында өткізіледі.

      2. Өмірзақ ауылының аумағындағы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиын Өмірзақ ауылының әкімімен (бұдан әрі – ауыл әкімі) шақырылады.

      Бөлек жиынды Ақтау қаласы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен оның өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Өмірзақ ауылының шегінде бөлек жиынды өткізуді ауыл әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында оған қатысуға құқығы бар қатысатын ауыл тұрғындарын тіркеу жүргізіледі. Бөлек жиынға кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған адамдардың қатысуға құқығы жоқ.

      7. Бөлек жиынды ауыл әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ауыл әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында төрағамен және хатшымен қол қойылатын хаттама жүргізіледі және Өмірзақ ауылы әкімінің аппаратына береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады