Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы мәслихатының 22.12.2022 № 28/251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, 20–1 бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бейнеу ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер бекітілсін.
2. "Бейнеу ауылы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму тарифтерін бекіту туралы" Бейнеу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 5 ақпандағы № 32/267 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3820 болып тіркелген, 2019 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ж.Оспанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бейнеу аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі комиссиясына (Ш.Азанов) жүктелсін.
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б.ҚолдасбаевБейнеу аудандық мәслихатының хатшысы А.Ұлұқбанов |
Бейнеу аудандық мәслихатының | |
2020 жылғы 2 желтоқсандағы | |
№ 56/454 шешіміне қосымша |
Бейнеу ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер
№ | Объектінің атауы | Есептік бірлік | Құны, теңгемен (ҚҚС есептемегенде) |
1. | Жайлы үйлердің тұрғындары үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тариф | 1 адам/ айына | 258,07 теңге |
2. | Жайсыз үйлердің тұрғындары үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тариф | 1 адам/ айына | 284,14 теңге |
Ескерту:
Аббревиатураның ажыратып жазылуы:
ҚҚС – қосылған құн салығы.