Бейнеу ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекітуге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 56/454 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 желтоқсанда № 4366 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы мәслихатының 22 желтоқсанда 2022 жылғы № 28/251 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы мәслихатының 22.12.2022 № 28/251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, 20–1 бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бейнеу ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер бекітілсін.

      2. "Бейнеу ауылы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму тарифтерін бекіту туралы" Бейнеу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 5 ақпандағы № 32/267 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3820 болып тіркелген, 2019 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ж.Оспанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бейнеу аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі комиссиясына (Ш.Азанов) жүктелсін.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б.ҚолдасбаевБейнеу аудандық мәслихатының хатшысы       А.Ұлұқбанов

  Бейнеу аудандық мәслихатының
  2020 жылғы 2 желтоқсандағы
  № 56/454 шешіміне қосымша

Бейнеу ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер

Объектінің атауы

Есептік бірлік

Құны, теңгемен (ҚҚС есептемегенде)

1.

Жайлы үйлердің тұрғындары үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тариф

1 адам/ айына

258,07 теңге

2.

Жайсыз үйлердің тұрғындары үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тариф

1 адам/ айына

284,14 теңге

      Ескерту:

      Аббревиатураның ажыратып жазылуы:

      ҚҚС – қосылған құн салығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады