Қазақстан Республикасының Экология кодексіне, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бейнеу ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері бекітілсін.
2. Бейнеу аудандық мәслихатының "Бейнеу ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифін бекіту туралы" 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 56/454 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4366 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бейнеу аудандық мәслихатының хатшысы | К. Мансуров |
2022 жылғы 22 | |
желтоқсандағы | |
№ 28/251 | |
шешіміне қосымша |
Бейнеу ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы | Есептік бірлік | Теңге (қосылған құн салығынсыз) |
Жайлы үйлер | 1 тұрғыннан айына | 335 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғыннан айына | 365 |
Жылдық тариф бірлігіне (көлем) | 1 текше метр (м3) | 1751 |