Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 25.01.2021 № 17 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабы 9-тармағына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Жітіқара ауданы әкімдігінің мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 88 (2018 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7735 болып тіркелген);
2) "Жітіқара ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 88 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 9 тамыздағы № 165 (2019 жылғы 22 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8625 болып тіркелген).
3. "Жітіқара ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жітіқара ауданының әкімі | А. Ибраев |
Жітіқара ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 3 шілдедегі № 145 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) акушер;
2) кеңейтілген практика мейіргері;
3) мейіргер;
4) фельдшер.
2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
2) психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
3. Білім беру саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның: шағын жинақталған мектептің басшысы;
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның: шағын жинақталған мектеп басшысының орынбасары;
3) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері, оның ішінде бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;
4) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологі;
5) психолог;
6) тәлімгер;
7) әлеуметтік педагог;
8) қосымша білім беретін педагог;
9) тәрбиелеуші;
10) кітапханашы;
11) мейірбике (мейіргер).
4. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) кітапханашы;
2) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер).
5. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) жаттықтырушы-оқытушы.