Жітіқара ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 88 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 9 тамыздағы № 165 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 16 тамызда № 8625 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 3 шілдедегі № 145 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 03.07.2020 № 145 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жітіқара ауданы әкімдігінің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 88 қаулысына (2018 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7735 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Жітіқара ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауданының әкімі А. Ибраев

  Әкімдіктің
2019 жылғы 9 тамыздағы
№ 165 қаулысына
қосымша


  Әкімдіктің
2018 жылғы 9 сәуірдегі
№ 88 қаулысына
қосымша

Кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер алуға құқылы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) акушер;

      2) кеңейтілген практика мейіргері;

      3) мейіргер;

      4) фельдшер.

      2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      2) психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

      3. Білім беру саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның: шағын жинақталған мектептің басшысы;

      2) аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның: шағын жинақты мектеп басшысының орынбасары;

      3) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері, оның ішінде бастапқы әсери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;

      4) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологі;

      5) психолог;

      6) тәлімгер;

      7) әлеуметтік педагог;

      8) қосымша білім беретін педагог;

      9) тәрбиелеуші;

      10) кітапханашы;

      11) мейірбике (мейіргер).

      4. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) кітапханашы;

      2) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер).

      5. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) жаттықтырушы-оқытушы.

      6. Ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) ветеринариялық дәрігер;

      2) ветеринариялық фельдшер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады