Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 03.07.2020 № 145 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер алуға құқылы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. "Жітіқара ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 93 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6300 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 4 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. "Жітіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жітіқара ауданының әкімі | А. Ибраев |
КЕЛІСІЛДІ
Жітіқара аудандық
мәслихатының хатшысы
___________ А. Кабиев
Әкімдіктің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 88 қаулысына қосымша |
Кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер алуға құқылы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 09.08.2019 № 165 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) акушер;
2) кеңейтілген практика мейіргері;
3) мейіргер;
4) фельдшер.
2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
2) психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
3. Білім беру саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның: шағын жинақталған мектептің басшысы;
2) аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның: шағын жинақты мектеп басшысының орынбасары;
3) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері, оның ішінде бастапқы әсери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;
4) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологі;
5) психолог;
6) тәлімгер;
7) әлеуметтік педагог;
8) қосымша білім беретін педагог;
9) тәрбиелеуші;
10) кітапханашы;
11) мейірбике (мейіргер).
4. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) кітапханашы;
2) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер).
5. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) жаттықтырушы-оқытушы.
6. Ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) ветеринариялық дәрігер;
2) ветеринариялық фельдшер.