Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Павлодар облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған "Павлодар облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Павлодар облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облыстық мәслихатының сессия төрағасы | А. Терентьев |
Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы | Б. Бексеитова |
Павлодар облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 538/44 шешімімен бекітілген |
"Павлодар облысының (қаласының, ауданының)
Құрметті азаматы" атағын беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Павлодар облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес әзірленді және "Павлодар облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру тәртібін реттейді.
2. "Павлодар облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын (бұдан әрі - Атақ) беру өзінің ауқымы бойынша азаматтардың әдеттегі іс-әрекеттерінің көп жылғы жемісті еңбегін, олардың қабілеті мен дарынын және бағалы бастамаларын қоғамның мойындап танығандығын білдіретін аса маңызды моральдық көтермелеу болып табылады. Ол азаматтардың еңбек және қоғамдық-саяси белсенділігін арттыруға, олардың Павлодар облысын (қаласын, ауданын) экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан дамытуға бағытталған күш-жігерін ынталандыруға, өскелең жас ұрпақты қазақстандық отансүйгіштік рухында тәрбиелеуге және халықтар арасында достықты нығайтуға арналған.
2-тарау. Атақ беру бойынша талаптар
3. Атақ: ерекше еңбегі үшін (мемлекеттік, әскери және қоғамдық қызметтегі, демократияны, жариялылық пен әлеуметтік прогресті, рухани және зияткерлік әлеуетті дамытудағы жоғары жетістіктері үшін; заңдылықты, құқықтық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтудағы белсенділігі үшін; облыстың (қаланың, ауданның) әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін) қоршаған ортаны қорғауға белсенді қатысқаны және өскелең ұрпақты рухани-патриоттық тәрбиелегені үшін) жалпы еңбек өтілі облыспен, қаламен, ауданмен жоғарыда аталған қызмет салаларының бірінде кемінде 20 жыл байланысты азаматтарға беріледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облыстық мәслихатының 11.09.2023 № 54/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.4. Атақ шетел азаматтарына осы Қағидалардың 3-тармағы екінші абзацында көзделген еңбек өтілі бойынша талаптарды есепке алмағанда, Павлодар облысының (қаласының, ауданының) дамуына қосқан ерекше үлесі, соның ішінде елдегі және шет елдердегі Павлодар облысының (қаласының, ауданының) кескін келбетін көтеруге қосқан үлесі үшін берілуі мүмкін.
5. Қайтыс болған адамның Атақ беруге кандидатурасы тиісті мәслихат сессиясының қарауына енгізілмейді.
6. Атақ:
1) Атаққа ұсыну кезінде заңнамамен белгіленген тәртіпке сәйкес соттылық мерзімі өтелмеген немесе алынбаған тұлғаларға;
2) сот арқылы іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған тұлғаларға берілмейді.
3-тарау. Атақ беру тәртібі
7. Атақ Қазақстан Республикасы күніне орайластырылып жылына бір рет беріледі. Атақ жетіден аспайтын азаматтарға беріледі.
Павлодар облысының (қаласының, ауданының) мерейтойлық күніне орай Атақ беру әрбір он жыл сайын жүзеге асырылады және он адамға дейін берілуі мүмкін.
Қолдаухаттар қабылдау ағымдағы жылдың 15 қыркүйегіне дейін жүзеге асырылады. Белгіленген мерзімнен кеш келіп түскен қолдаухаттар қаралмайды.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облыстық мәслихатының 11.09.2023 № 54/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.8. Атақ тиісті мәслихатпен облыс (қала, аудан) әкімінің ұсынымы бойынша беріледі.
9. Атақты беру туралы қолдаухатты еңбек және шығармашылық ұжымдар, қоғамдық және діни бірлестіктер, саяси партиялар, тиісті мәслихат депутаттары және өзге де бастамашыл топтар (бұдан әрі – бастамашыл топтар) ұсына алады.
Бұл ретте бір бастамашыл топтан ағымдағы күнтізбелік жылы тек бір кандидатураға қатысты Атақ беру туралы қолдаухат енгізілуі мүмкін.
10. Қолдаухатқа бірінші басшы немесе тиісті уәкілетті тұлға қол қояды, онда Атақ берілетін үміткерлердің нақты еңбегі көрсетіледі.
11. Қолдаухатта үміткердің негізгі өмірбаяндық деректері, оның Павлодар облысы (қаласы, ауданы) алдындағы жетістіктері мен сіңірген еңбегінің қысқаша сипаттамасы көрсетіледі, сонымен қатар:
1) үміткердің сіңірген еңбегінің толық сипаттамасы бар мінездеме;
2) растайтын құжаттардың көшірмелерімен қоса мемлекеттік және басқа да наградаларының тізбесі;
3) бастамашыл топтың жиналыс шешімінің хаттамасы;
4) жеке куәліктің/паспорттың көшірмесі;
5) осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша ерекше еңбегін сипаттайтын мәліметтерді қамтитын награда қағазы;
6) үміткердің 3х4 сантиметр (2 дана) және 6х9 сантиметр (1 дана) көлеміндегі фотосуреттері қоса беріледі.
12. Атақ беру туралы өз кандидатураларын өздігінен ұсынған тұлғалардан келіп түскен қолдаухаттар қаралмайды.
13. Қолдаухат облыс (қала, аудан) әкіміне жолданады, облыс (қала, аудан) әкімі өз кезегінде 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қолдаухатты "Павлодар облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағына ұсыну мәселелері жөніндегі жергілікті өкілді және атқарушы органдары, қоғамдық ұйымдары өкілдерінің тақ саннан тұратын тиісті комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына жібереді.
14. Комиссия осы Қағидаларға сәйкес үміткерлерге қатысты барлық жағдайды анықтайды және құжаттардың растығын тексереді.
15. Шешім Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.
16. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру жолымен қабылданады. Комиссия мүшелерi дауыс беру кезiнде қалыс қалмайды және отырыстарға алмасу құқығынсыз қатысады.
Комиссияның қызметіне қандай да бір араласуға жол берілмейді.
17. Дауыстар тең болған кезде төрағалық етушінің даусы шешуші болады.
18. Көпшіліктің шешімімен келіспеген Комиссия мүшесі өзінің ерекше пікірін жазбаша түрде білдіре алады, оны Комиссия төрағасына ұсынады және ол Комиссия отырысының хаттамасына тіркеледі.
19. Комиссия облыс (қала, аудан) әкіміне Атақ беру туралы ұсынымды тиісті мәслихаттың қарауына енгізуді немесе тиісті себептерін көрсете отырып, одан бас тартуды (кері қайтаруды) ұсынады (құжаттардың толық емес тізбесі және (немесе) ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі).
20. Тиісті мәслихаттың Атақ беру туралы шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
4-тарау. "Павлодар облысының (қаласының, ауданының)
Құрметті азаматы" куәлігін және төсбелгісін тапсыру тәртібі
21. "Павлодар облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" төсбелгісін, куәлігін (бұдан әрі – куәлік) тапсыруды облыстың (қаланың, ауданның) әкімі және тиісті мәслихаттың төрағасы салтанатты түрде жүргізеді.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облыстық мәслихатының 11.09.2023 № 54/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.22. Куәлікке облыс (қала, аудан) әкімі және тиісті мәслихат төрағасы қол қояды.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облыстық мәслихатының 11.09.2023 № 54/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.23. Атақ алған тұлғалар куәлік пен төсбелгінің сақталуын қамтамасыз етулері тиіс. Атақ берілгендігін растайтын құжаттар жоғалған жағдайда, оны иеленген тұлға өзінің құқықтарын сақтап қалады және тиісті мәслихаттың шешімімен оған құжаттардың көшірмесі өтініш түскен сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қайта беріледі, бұл ретте төсбелгі қайталап берілмейді.
24. Атақ өмірлік болып табылады. Оның берілуі туралы құжаттар және төсбелгі отбасына естелік ретінде сақтауға қалдырылады немесе мұрагерлерінің келісімі бойынша жергілікті мұражайға өткізілуі мүмкін.
25. Атақ беру, куәліктерді және төсбелгілерді, облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет кітабын әзірлеу, ресімдеу және сақтау мәселелері жөніндегі құжаттамаларды жүргізу және есепке алу ішкі саясат саласындағы мемлекеттік органмен жүзеге асырылады. Облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет кітабын, төсбелгілер мен оларға куәліктерді дайындау шығындарын қаржыландыру тиісті жергілікті бюджеттің есебінен жүзеге асырылады.
5-тарау. Атақтан айыру негіздемелері
26. Атақ берілген азамат тиісті мәслихаттың шешімімен келесі жағдайларда Атақтан айрылуы мүмкін:
1) қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін;
2) Атақ беру туралы қолдау хат енгізген бастамашыл топтың ұсынымы бойынша қоғамның айрықша назарын аударған өрескел іс-әрекет жасағаны үшін.
27. Атағынан айыру жағдайында, Атақтан айырылатын тұлғадан куәлігі, төсбелгісі қайтарылады, сонымен бірге облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет Кітабында тиісті жазба жазылады.
28. Осы Қағидалардың 26-тармағында көзделген негіздер бойынша Атақтан айырылған азамат қайталап Атақ беруге ұсыныла алмайды.
29. Заңсыз сотталған және толық ақталған азаматтардың Атаққа ие болу құқықтары сот шешімімен қалпына келтіріледі.
"Павлодар облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру қағидаларына қосымша |
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облыстық мәслихатының 11.09.2023 № 54/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
____________________
(облысы/қала/аудан)
НАГРАДА ҚАҒАЗЫ
1. Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ___________________________________________________
__________________
2. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)
3. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны (кәсіпорын, мекеме, ұйым бөлімшесінің атауы дәл көрсетілуі керек)
_____________________________________________________________________
4. Жынысы ________________________________________________________
5. Туған жылы мен туған жері ________________________________________
6. Ұлты ___________________________________________________________
7. Білімі ___________________________________________________________
8. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ______________________________
9. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен наградталған және наградталған
уақыты:________________________________
10. Үйінің мекенжайы:____________________________________________
11. Жалпы жұмыс өтілі ___________ Саладағы жұмыс өтілі___________
12. Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі _____________________________
13. Наградталушының нақты айрықша еңбегін сипаттайтын мінездеме:
__________________________________________________________________
Кандидатура талқыланып, ұсынылған._______________________
(кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның атауы немесе бастамашыл топтың аты- жөні, талқылау күні,
хаттаманың №)
Мына наградаға ұсынылады ________________________________
(награданың түрі)
___________ _______________________________________________
(ТАӘ) (ТАӘ)
___________________________________________________________
(қолы) (қолы)
М.О. М.О. ( болған жағдайда)
________ жылғы "______" ___________
(толтырылған күні)
Ескертпе: наградталушының тегі, аты және әкесінің аты жеке басының куәлігі бойынша толтырылып,
қазақ және орыс тілдеріндегі транскрипциясы міндетті түрде көрсетіледі.
Павлодар облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 538/44 шешіміне қосымша |
Павлодар облыстық мәслихатының күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі
1. Павлодар облыстық мәслихатының 2009 жылғы 24 шілдедегі "Павлодар облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру туралы" № 219/16 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3140 болып тіркелген, 2009 жылғы 25 тамызда "Сарыарқа Самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланған).
2. Павлодар облыстық мәслихатының 2009 жылғы 23 қарашадағы "Облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 24 шілдедегі (IV сайланған XVI сессиясы) "Павлодар облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру Ережесі туралы" № 219/16 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 254/19 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3146 болып тіркелген, 2009 жылғы 19 желтоқсанда "Сарыарқа Самалы" газетінде, 2009 жылғы 8 желтоқсанда "Звезда Прииртышья" газетінде жарияланған).
3. Павлодар облыстық мәслихатының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы "Облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 24 шілдедегі (IV cайланған XVI сессия) "Павлодар облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру Ережесін бекіту туралы" № 219/16 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 308/37 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4247 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 қаңтарда "Сарыарқа Самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланған).