Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 11.12.2020 № 538/44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Облыстық мәслихаттың (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3140 болып тіркелген, 2009 жылдың 25 тамызында шыққан "Сарыарқа самалы" газетінде, 2009 жылдың 25 тамызында шыққан "Звезда прииртышья" газетінде жарияланған) 2009 жылғы 24 шілдедегі (ІV сайланған ХVІ сессия) "Павлодар облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру Ережесін бекіту туралы" № 219/16 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
3 тармақтағы "Атақ Қазақстан Республикасының азаматтарына" деген сөздерден кейін "және Павлодар облысының (қаласының, ауданының) алдында еңбегі сіңген шетел азаматтарына" деген сөздермен толықтырылсын:
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Оспанова |
Облыстық мәслихаттың | |
хатшысы | В. Берковский |