Павлодар облысы Успен ауданы Новопокров ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2020 жылғы 18 қыркүйектегі № 316/63 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 қыркүйекте № 6967 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 42 /7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 25.09.2023 № 42/7 (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 21.12.2022 № 145/24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Преамбула жаңа редакцияда - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 21.12.2022 № 145/24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Павлодар облысы Успен ауданы Новопокров ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 21.12.2022 № 145/24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Павлодар облысы Успен ауданы Новопокров ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 21.12.2022 № 145/24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Успен аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі "Успен ауданы Новопокров ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы" № 204/38 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4104 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Успен аудандық мәслихатының әлеуметтік саясат және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Успен аудандық мәслихатының сессия төрағасы Е. Горбатюк
      Успен аудандық мәслихатының хатшысы Р. Бечелова

  Успен аудандық мәслихатының
2020 жылғы 18 қыркүйегі
№ 316/63 шешімімен
бекітілген

Павлодар облысы Успен ауданы Новопокров ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 21.12.2022 № 145/24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Павлодар облысы Успен ауданы Новопокров ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 1, 6-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Павлодар облысы Успен ауданы Новопокров ауылдық округінің аумағында көшелер тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округ аумағы учаскелерге (көшелер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны көшелерден үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Павлодар облысы Успен ауданы Новопокров ауылдық округі әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі) шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауылдық округ әкімі оны өткізетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен (Новопокров ауылдық округінде орналасқан ақпараттық стендтерде хабарландырулар, Instagram, WhatsApp әлеуметтік желілері арқылы жарияландырулар) хабарлайды.

      7. Көшелер шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті көшелердің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы көшелерде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол екі жұмыс күні ішінде Успен ауданы Новопокров ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

  Успен аудандық
мәслихатының 2022 жылғы
21 желтоқсандағы
№ 145/24 шешіміне
2-қосымша

Павлодар облысы Успен ауданы Новопокров ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 21.12.2022 № 145/24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Көше атауы

Көше тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

1

Галицк ауылының тұрғындары үшін:

Ленин көшесі, Школьный тұйық көшесі, "Тәуелсіздікке 25 жыл" тұйық көшесі

1

Интернациональная көшесі

1

Карл Маркс көшесі

1

Глазырин көшесі

1

Мир көшесі

1

Советов көшесі


2

Новопокров ауылының тұрғындары үшін:

Южная көшесі

1

Новоселов көшесі

1

Школьная көшесі

1

Советов көшесі

1

Индустриальная көшесі

1


Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей улиц для участия в сходе местного сообщества на территории Новопокровского сельского округа Успенского района Павлодарской области

Решение Успенского районного маслихата Павлодарской области от 18 сентября 2020 года № 316/63. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 29 сентября 2020 года № 6967. Утратило силу решением Успенского районного маслихата Павлодарской области от 25 сентября 2023 года № 42/7

      Сноска. Утратило силу решением Успенского районного маслихата Павлодарской области от 25.09.2023 № 42/7 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Заголовок - в редакции решения Успенского районного маслихата Павлодарской области от 21.12.2022 № 145/24 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 4) пункта 2 статьи 46 Закона Республики Казахстан "О правовых актах", Типовыми правилами проведения раздельных сходов местного сообщества, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106, Успенский районный маслихат РЕШИЛ:

      Сноска. Преамбула - в редакции решения Успенского районного маслихата Павлодарской области от 21.12.2022 № 145/24 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить правила проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Новопокровского сельского округа Успенского района Павлодарской области согласно приложению 1 к настоящему решению.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции решения Успенского районного маслихата Павлодарской области от 21.12.2022 № 145/24 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Утвердить количественный состав представителей жителей улиц для участия в сходе местного сообщества Новопокровского сельского округа Успенского района Павлодарской области согласно приложению 2 к настоящему решению.

      Сноска. Пункт 2 - в редакции решения Успенского районного маслихата Павлодарской области от 21.12.2022 № 145/24 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Признать утратившим силу решение Успенского районного маслихата от 25 сентября 2014 года № 204/38 "Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Новопокровского сельского округа Успенского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4104, опубликовано 20 октября 2014 года в информационно-правовой системе "Әділет").

      4. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Успенского районного маслихата по вопросам законности и социальной политики.

      5. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Успенского
      районного маслихата Е. Горбатюк
      Секретарь Успенского районного маслихата Р. Бечелова

  Утвержден
решением Успенского
районного маслихата
от 18 сентября 2020 года
№ 316/63

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Новопокровского сельского округа Успенского района Павлодарской области

      Сноска. Приложение - в редакции решения Успенского районного маслихата Павлодарской области от 21.12.2022 № 145/24 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие правила проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Новопокровского сельского округа Успенского района Павлодарской области (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктами 1, 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей улиц на территории Новопокровского сельского округа Успенского района Павлодарской области.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории соответствующей административно-территориальной единицы, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы;

      2) раздельный сход местного сообщества – непосредственное участие жителей (членов местного сообщества) села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома в избрании представителей для участия в сходе местного сообщества.

Глава 2. Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества

      3. Для проведения раздельного схода местного сообщества территория сельского округа подразделяется на участки (улицы).

      4. На раздельных сходах местного сообщества избираются представители для участия в сходе местного сообщества в количестве не более трех человек от улиц.

      5. Раздельный сход местного сообщества созывается и организуется акимом Новопокровского сельского округа Успенского района Павлодарской области (далее – аким сельского округа).

      6. О времени, месте созыва раздельных сходов местного сообщества и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается акимом сельского округа не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами (объявления на информационных стендах, расположенных в Новопокровском сельском округе, публикации через социальные сети Instagram, WhatsApp).

      7. Проведение раздельного схода местного сообщества в пределах улиц организуется акимом сельского округа.

      8. Перед открытием раздельного схода местного сообщества проводится регистрация присутствующих жителей соответствующих улиц, имеющих право в нем участвовать.

      Раздельный сход местного сообщества считается состоявшимся при участии не менее десяти процентов жителей (членов местного сообщества), проживающих на данных улицах и имеющих право в нем участвовать.

      Не имеют права участвовать на раздельном сходе местного сообщества несовершеннолетние лица, лица, признанные судом недееспособными, а также лица, содержащиеся в местах лишения свободы по приговору суда.

      9. Раздельный сход местного сообщества открывается акимом сельского округа или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода местного сообщества является аким сельского округа или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода местного сообщества открытым голосованием избирается секретарь.

      10. Кандидатуры представителей жителей улиц для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода местного сообщества в соответствии с количественным составом, установленным пунктом 4 настоящих Правил.

      11. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшее количество голосов участников раздельного схода местного сообщества.

      12. На раздельном сходе местного сообщества ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима Новопокровского сельского округа Успенского района в течение двух рабочих дней.

  Приложение 2
к решению Успенского
районного маслихата
от 21 декабря 2022 года
№ 145/24

Количественный состав представителей жителей улиц для участия в сходе местного сообщества Новопокровского сельского округа Успенского района Павлодарской области

      Сноска. Решение - дополнено приложением 2 в соответствии с решением Успенского районного маслихата Павлодарской области от 21.12.2022 № 145/24 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Наименование улицы

Количество представителей жителей улицы (человек)

1

Для жителей села Галицкое:

Улица Ленина, переулок Школьный, переулок "25 лет Независимости"

1

Улица Интернациональная

1

Улица Карла Маркса

1

Улица Глазырина

1

Улица Мира

1

Улица Советова

1

2

Для жителей села Новопокровка:

Улица Южная

1

Улица Новоселов

1

Улица Школьная

1

Улица Советова

1

Улица Индустриальная

1