Успен аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 285/58 "Успен ауданы Равнополь ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы" шешіміне өзгерістер және толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 147/24 шешімі. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 43 /7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 25.09.2023 № 43/7 (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Успен аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Успен аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 285/58 "Успен ауданы Равнополь ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6827 болып тіркелген) мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Павлодар облысы Успен ауданы Равнополь ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы";

      көрсетілген шешімнің преамбуласы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШТІ:";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Павлодар облысы Успен ауданы Равнополь ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген шешіммен бекітілген Павлодар облысы Успен ауданы Равнополь ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Павлодар облысы Успен ауданы Равнополь ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.";

      осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес көрсетілген шешім 2-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Успен аудандық мәслихатының хатшысы Ж. Бараисов

  Успен аудандық
мәслихатының 2022 жылғы
21 желтоқсандағы
№ 147/24 шешіміне
1-қосымша
  Успен аудандық
мәслихатының
2020 жылғы 28 сәуірдегі
№ 285/58 шешімімен
бекітілген

Павлодар облысы Успен ауданы Равнополь ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Павлодар облысы Успен ауданы Равнополь ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 1, 6-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Павлодар облысы Успен ауданы Равнополь ауылдық округінің аумағында көшелер тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округ аумағы учаскелерге (көшелер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны көшелерден үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Павлодар облысы Успен ауданы Равнополь ауылдық округі әкімі (бұдан әрі - ауылдық округ әкімі) шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауылдық округ әкімі оны өткізетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен (Равнополь ауылдық округінде орналасқан ақпараттық стендтерде хабарландырулар, Instagram, WhatsApp әлеуметтік желілері арқылы жарияландырулар) хабарлайды.

      7. Көшелер шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті көшелердің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы көшелерде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол екі жұмыс күні ішінде Успен ауданы Равнополь ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

  Успен аудандық
мәслихатының 2022 жылғы
21 желтоқсандағы
№ 147/24 шешіміне
2-қосымша

Павлодар облысы Успен ауданы Равнополь ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Көше атауы

Көше тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

1

Константинов ауылының тұрғындары үшін:

50 лет колхоза, Мир, Октябрьская көшелері

1

Юбилейная, Музейная, Тельман көшелері

1

Амангельды, Молодежная, Маяковский, 70 лет Константиновке көшелері

1

Шевченко, Абай, Гагарин көшелері

2

Титов, Беккер, Павлов, Бахралинов көшелері

2

Калинин, Ланглиц, Энгельс, Южный проезд көшелері

2

Ленин, Геринг, Карл Маркс, Целинная көшелері

3

2

Равнополь ауылының тұрғындары үшін:

Ипподромная, Дружба Народов, Солдатская, Фортшритская көшелері

2

Восточная, Ленин, Радужная, Крупская көшелері

1

3

Таволжан ауылының тұрғындары үшін:

Комсомольская, Восточная, Вокзальная көшелері

2

Гагарин, Кооперативная, Школьная, Чапаев көшелері

2

Мир, Новая жизнь көшелері, Советов тұйық көшесі

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады