Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №06-18/206 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Гусаковка ауылдық округі әкімінің уақытша міндетін атқарушысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстіқ Қазақстан облысы Айыртау ауданы Гусаковка ауылдық округінің Гусаковка ауылында орналасқан "Гусаковка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағынан ірі қара малдың арасында бруцеллез ауруының ошағын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқталсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Гусаковка ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2019 жылғы 31 шілдедегі №1 шешімінің (2019 жылғы 7 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5519 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкімінің уақытша міндетін атқарушысы |
С. Оспанов |