"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Занының 10-1-бабы 8) тармағына сәйкес,Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 10 тамыздағы №17-07/195 ұсынысы негізінде, Амангелді ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Амангелді ауылдық округінің Тілеусай ауылы аумағында ірі қара мал арасындағы бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Амангелді ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2019 жылғы 10 шілдедегі №2 (2019 жылғы 19 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5469 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Амангелді ауылдық округінің әкімі | С. Курманбаев |