Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Амангелді ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № 9 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 қыркүйекте № 6537 болып тіркелді

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Занының 10-1-бабы 8) тармағына сәйкес,Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 10 тамыздағы №17-07/195 ұсынысы негізінде, Амангелді ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Амангелді ауылдық округінің Тілеусай ауылы аумағында ірі қара мал арасындағы бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Амангелді ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2019 жылғы 10 шілдедегі №2 (2019 жылғы 19 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5469 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Амангелді ауылдық округінің әкімі С. Курманбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады