Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Амангелді ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 шілдеде № 5469 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Амангелді ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № 9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Амангелді ауылдық округі әкімінің 17.09.2020 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2019 жылғы 14 маусымдағы № 17-07/103 ұсынысы негізінде, Амангелді ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Амангелді ауылдық округі Тлеусай ауылында ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Амангелді ауылдық
округінің әкімі
Қ. Жексембаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады