Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 14.09.2022 № 17/221-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына сәйкес, Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Түркістан облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету Қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдері осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес күші жойылды деп танылсын.
3. "Түркістан облыстық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облыстық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | У. Рахиев |
Түркістан облыстық | |
мәслихатының хатшысы | К. Балабиев |
Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 53/548-VI шешіміне 1-қосымша |
Түркістан облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" заңдарына сәйкес әзірленген.
2. Түркістан облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Түркістан облысының аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету тәртібін анықтайды.
3. Қағидалар қызметтік иттері бар, қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіпті сақтау және адамдарды құтқару жөніндегі жұмысты атқаратын кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелерден басқа, меншік нысанына қарамастан иттер мен мысықтарды асырайтын (бұдан әрі - Иелері) барлық тұлғаларға қолданылады.
2-тарау. Иттер мен мысықтарды асырау тәртібі
4. Иттер мен мысықтарды ұстау санитариялық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтерді, ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) ережелерді және ветеринариялық нормативтерді, сондай-ақ осы Қағидаларды сақтаған кезде жол беріледі:
бір отбасы тұратын жеке тұрғын үйлерде, көп қабатты тұрғын үйлердің пәтерлерінде, тұрғын-үй жайларда;
бірнеше отбасылар мекен еткен тұрғын жайларда тек өзінің тұрғын алаңында ғана, көршілердің дәрігерлік кері көрсеткіші (аллергиясы) болмаған жағдайда, пәтер тұрғындарының барлығының жазбаша келісімімен;
кәсіпорындарда, ұйымдарда, мекемелерде, бау-бақша және саяжайлар учаскелерінде, демалыс базаларында - иттерді байлаулы немесе торлы орында ұстаған және қоршаған ортаны мазаламайтын және қауіп төндірмейтіндей жағдайда.
5. Иттер мен мысықтарды жалпы пайдаланатын орындарда (кіреберістерде, дәліздерде, баспалдақтар алаңшаларында, жертөлелерде, шатырларда және қосымша жайларда) иелеріне жеке меншік, жалға беру, уақытша пайдалану және басқа мүлік құқығы тиесілі дербес тұрғын үйлердің жанындағы аумақтардан бөлек үйлердің жанындағы аумақтарда ұстауға жол берілмейді.
6. Жекеменшік тұрғын үйлерде тұратын иелері, иттерді оның қашып кетуін, адамдарға және басқа да жануарларға шабуыл жасауын, өтіп бара жатқандарды қауып алуын болдырмайтын қоршауы бар, жеке ауласының шекарасында ұстауды қамтамасыз етеді. Аумақта иттің бар екенін ескертетін тақтайша жазылып аулаға кіреберістегі қақпаларға ілінеді.
7. Иелері меншігіндегі иттер мен мысықтарын ветеринариялық ұйымдарда тіркеуден өткізеді . Иттер мен мысықтар есепке алынады, тіркеу кезінде иелеріне ветеринариялық паспорт беріледі.
8. Иттер мен мысықтардың иесі тіркеуден шығару үшін немесе қайта тіркеу үшін (сатылу, жоғалу, көшу, басқа тұлғаға тапсырылу) тіркеуші ұйымға хабарлайды.
9. Иттер мен мысықтарды иеліктен шығару орындары, интернет-алаңдардан басқа, санитарлық нормалар мен ережелердің талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Иттер мен мысықтарды ветеринариялық паспортсыз сатуға және иеліктен шығаруға тыйым салынады.
10. Азаматтарға, кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға тиесілі иттер және мысықтар үш айлық жасынан бастап, тұқымына қарамастан, құтыруға қарсы және жұқпалы ауруларға қарсы вакцинациялауға жатады.
11. Иттер мен мысықтардың иелері қамтамасыз етеді:
1) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз иттері мен мысықтарын уақтылы вакцинациялауды және диагностикалауды;
2) ветеринария саласындағы мамандардың қызметтiк мiндеттерi ветеринариялық іс-шаралар өткізу кезінде оларға жәрдем көрсетуді;
3) адамды немесе оның жануарын басқа жануар тістеген, тырнаған жағдайда денсаулық сақтау және ветеринария мекемелеріне хабарлауды;
4) иттер мен мысықтарға тері паразиттері мен гельминттерден алдын алу үшін профилактикалық өңдеу жүргізуді;
5) иттер мен мысықтардың барлық ауыру жағдайында немесе ауыруына күдік туындаған кезде, тез арада ветеринариялық мекемелерге барып, тексеру қорытындысы бойынша мамандардың ұсыныстарын бұлжытпай сақтауды;
6) көп пәтерлі тұрғын үй құрылыстарында иттер мен мысықтар тарапынан сағат 23-ден таңғы 9-ға дейін уақыт аралығында шуды болдырмауды;
7) көп пәтерлі тұрғын үйлердің (кіреберістер, баспалдақтар, баспалдақ алаңдары, лифтілер, жертөлелер, шатырлар, үйлердің шатырлары), балалардың ойын алаңдары, жолдар, тротуарлар, саябақ, демалу орындарын иттер мен мысықтардың тіршілік ету өнімдерімен ластануына жол бермеуді.
3-тарау. Иттер және мысықтарды серуенге шығару тәртібі
12. Иттер мен мысықтарды серуендету кезінде Иелері келесі шарттарды сақтауы қажет:
1) иесі ғимарат жайында болған уақытқа, егер басқа тұлғалар үшін қауіп жоқ, қоғамдық тәртіпті бұзбайтындай болса, итті тұмылдырығымен және қысқа шылбырда, өз бетімен шешілмейтіндей етіп, осы ғимараттың жанында байлаулы қалдыруға жол беріледі. Бұл жағдайда ит адамдардың кіріп шығуына кедергі келтірмейтіндей болуы қажет;
2) иттерді қоршаған ортаға қолайсыздық және кедергі келтірмейтіндей тек тұмылдырықта ғана (декоративті тұқымды иттерден басқасы) және қысқа (1,5 метрге дейінгі) шылбырмен сыртқа шығаруға және серуендетуге жол беріледі;
3) иттерді тұмылдырықсыз және шылбырсыз серуендетуге тек қоршалған аумақтарда, үйрету алаңдарында және еркін серуендету орындарда ғана жол беріледі;
4) қалалық қоғамдық көліктерде иттерді тасымалдау, жолаушыларды мазаламайтын жағдайда, артқы алаңшаларда жүзеге асырылады. декоративті тұқымды иттер мен мысықтарды сөмкелерде, арнайы торларда (тасымалдау контейнерлерінде), немесе қолына алып тасымалдауға жол беріледі.
Ауру иттер мен мысықтарды қоғамдық көліктерде тасымалдауға жол берілмейді.
5) иттің иесі немесе оны серуенге шығаруды жүзеге асыратын тұлға өзімен бірге нәжістерді жинауға арналған ыдысын алуы тиіс.
13. Жол берілмейді:
1) иттерді аулалық балалар ойын алаңдарында, спорт алаңдарында, мектепке дейінгі балалар және оқу орындарында, емдеу мекемелерінде, саябақтарда және басқа да азаматтардың көпшілік демалыс орындарында, тиым салынған белгілер қойылған, осы мақсат үшін рұқсат берілген немесе арнайы бөлінген орындардан бөлек жерлерде серуендетуге;
2) иттер мен мысықтарды қоғамдық шомылу орындарында, тоғандарда, су бұрқақтарында, су қоймаларында және су бөгеттерінде шомылдыруға;
3) қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарда, сауда және дүкендердің өндірістік жайларында, сервистік қызмет көрсету, мектепке дейінгі және білім мекемелерінде, әлеуметтік-мәдени белгідегі мекемелерде, медициналық және емдеу-профилактикалық мекемелерде және қоғамдық іс-шараларда иттер мен мысықтарды ұстауға және әкелуге;
4) тұлғаларға мас күйінде және 14 жастан кіші балаларға иттерді серуендетуге және олармен қоғамдық орындарда және қоғамдық көліктерде жүруге;
5) иттің жасына сәйкес құтырма ауруына қарсы міндетті вакцинацияланбаған иттерді серуендетуге болмайды.
4-тарау Қорытынды ереже.
14. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін жануарлардың Иелері "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес жауапты болады.
Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 53/548-VI шешіміне 2-қосымша |
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 14/125-V "Оңтүстік Қазақстан облысының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2351 болып тіркелген, 2013 жылғы 10 тамызда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған).
2. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 25/202-V "Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау қағидаларын бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 14/125-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2651 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 мамырдағы "Оңтүстік Қазақстан" газетінде және 2015 жылғы 23 қаңтардағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 34/266-V "Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидаларын бекіту туралы "Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 14/125-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2951 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 қаңтардағы "Оңтүстік Қазақстан" газетінде және 2015 жылғы 23 қаңтардағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
4. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 19 наурыздағы № 36/294-V "Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидаларын бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 14/125-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3138 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 сәуірдегі "Оңтүстік Қазақстан" газетінде және 2015 жылғы 28 сәуірдегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
5. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 42/343-V "Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 14/125-V "Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3396 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).