"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8 бабының 2 тармағына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түркістан қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін келесі арнайы орындар айқындалсын:
1) "Парасат" саябағы алдындағы алаң;
2) "Жеңіс" саябағында орналасқан сахна алдындағы алаң;
3) О.Жарылқапов атындағы стадион.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 07.08.2020 № 65/317-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Түркістан қаласында демонстрациялар мен шерулер өткізу үшін жүру маршруты ретінде Жібек жолы даңғылы мен Шәуілдір тас жолы бұрышынан Ж.Майкотов көшесі мен Шәуілдір тас жолының қиылысына дейінгі аралық айқындалсын.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 07.08.2020 № 65/317-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Түркістан қаласында бейбіт жиналыстар мен шерулерді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
4. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
5. "Түркістан қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Түркістан облысының облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түркістан қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
6. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы | Е. Мустапаев |
Мәслихат хатшысы | Г. Сарсенбаев |
Түркістан қалалық мәслихатының 2020 жылғы 26 маусымдағы № 64/313-VI шешіміне 1-қосымша |
Бейбіт жиналыстар мен шерулерді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану
ТӘРТІБІ
Ескерту. 1-қосымшаға өзгерістер енгізілді - Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 07.08.2020 № 65/317-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын – Түркістан қалалық мәслихаты бейбіт жиналыстарды немесе шерулерді өткізу үшін айқындаған жалпыға ортақ пайдаланылатын орын немесе жүру маршруты.
Бейбіт жиналыстар мен шерулер өткізу үшін арнайы орындардың материалдық-техникалық қамтамасыз етуі
№ | Арнайы орын атауы | Материалдық-техникалық қамтамасыз етуі | Шекті толу нормалары |
1.1. | "Парасат" саябағы алдындағы алаң |
- көше жарығы, | 150 адам |
2.2. | "Жеңіс" саябағында орналасқан сахна алдындағы алаң |
- көше жарығы, | 150 адам |
3.3. | О.Жарылқапов атындағы стадион |
- көше жарығы, | 150 адам |
Жергілікті атқарушы органның өкілі хабарлама/өтініш бойынша оң шешім қабылданған кезде, бейбіт жиналыстың/шерудің ұйымдастырушысымен бір күн бұрын іс-шараны өткізу ережесін келесі сұрақтар бойынша келісу үшін арнайы орынға барады:
- бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылардың айырым белгісі;
- периметрі және өткізу орнының материалдық-техникалық сипаттамасымен танысу мен анықтау үшін;
- бейбіт жиналыстар кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дыбыс күшейткіш техникалық құралдар, көлік құралдары, плакаттар, транспаранттар және өзге де көрнекі үгіттеу құралдары және осы Заңда көрсетілген құралдарды пайдалану туралы;
- БАҚ үшін арнайы белгіленген орын (лента немесе қоршаумен шектеу; фото-видео түсірілім және сұхбаттасу үшін жеткілікті көрінуді қамтамасыз ету);
- бейбіт жиналыстар өткізу кезінде аудиовизуалды техника құралдарын пайдалануға, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауды;
- Жібек жолы даңғылы мен Шәуілдір тас жолы бұрышынан Ж.Майкотов көшесі мен Шәуілдір тас жолының қиылысына дейінгі жүру маршрутымен танысу.
Бейбіт жиналыс өткізу күні ұйымдастырушы және оған қатысушылар:
- өтініште көрсетілген мерзім аралығында арнайы орынның аумағында орналасады;
- ғимараттардың, құрылысжайлардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
- санитарлық нормалар мен қауіпсіздік ережелерін сақтап, Қазақстан Республикасының қоғамдық тәртіпті сақтау туралы заңнамасын сақтайды;
- бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгісін тағып жүреді.
Түркістан қалалық мәслихатының 2020 жылғы 26 маусымдағы № 64/313-VI шешіміне 2-қосымша |
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 19.04.2024 № 17/77-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Мынадай объектілердің іргелес аумақтарының шекараларынан 800 метр қашықтықта пикеттеуді өткізуге жол берілмейді:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.