Түркістан қалалық мәслихатының 2020 жылғы 26 маусымдағы № 64/313-VI "Түркістан қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2020 жылғы 7 тамыздағы № 65/317-VI шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 тамызда № 5753 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түркістан қалалық мәслихатының 2020 жылғы 26 маусымдағы № 64/313-VI "Түркістан қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5692 тіркелген, 2020 жылғы 9 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      шешімнің 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) О.Жарылқапов атындағы стадион.";

      шешімнің 2-тармағындағы "бекітілсін" деген сөз "айқындалсын" деген сөзбен ауыстырылсын;

      шешімнің 1-қосымшасындағы арнайы орындар кестесі мынадай редакцияда жазылсын:


п/п

Арнайы орын атауы

Материалдық-техникалық қамтамасыз етуі

Шекті толу нормалары

1.1.

"Парасат" саябағы алдындағы алаң

- көше жарығы,
- электр энергиясын қосу нүктесі,
- бейнебақылау және бейнежазба камералары,
- автотұрақ орындарының болуы (1 кіру, 1 шығу).

150 адам

2.2.

"Жеңіс" саябағында орналасқан сахна алдындағы алаң

- көше жарығы,
- электр энергиясын қосу нүктесі,
- бейнебақылау және бейнежазба камералары
- автотұрақ орындарының болуы (1 кіру, 1 шығу).

150 адам

3.3.

О.Жарылқапов атындағы стадион

- көше жарығы,
- электр энергиясын қосу нүктесі,
- бейнебақылау және бейнежазба камералары
- автотұрақ орындарының болуы (1 кіру, 1 шығу).

150 адам


      шешімнің 1-қосымшасындағы кестеден кейінгі мәтіннің екінші және он екінші абзацтарындағы "айрықша" деген сөз "айырым" деген сөзбен ауыстырылсын;

      шешімнің 1-қосымшасындағы кестеден кейінгі мәтіннің жетінші абзацындағы "шеру бағытымен" деген сөздер "жүру маршрутымен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Түркістан қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түркістан қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы А. Абпазов
      Мәслихат хатшысы Г. Сарсенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады