Бәйдібек ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды айқындау туралы

Түркістан облысы Бәйдiбек ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 469 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 20 желтоқсанда № 5957 болып тiркелдi. Куші жойылды - Түркістан облысы Бәйдiбек ауданы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 2 қарашадағы № 453 қаулысымен

      Ескерту. Куші жойылды - Түркістан облысы Бәйдiбек ауданы әкiмдiгiнiң 02.11.2023 № 453 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27 бабының 2 тармағына және "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Бәйдібек ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бәйдібек ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 70 "Бәйдібек ауданының аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4486 тіркелген, 2018 жылғы 18 сәуірде "Алғабас" газетінде және 2018 жылғы 12 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде тіркелуін;

      2) осы қаулының Бәйдібек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Айтбековке жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Шәріпбеков

  Бәйдібек ауданы әкімдігінің
"20" желтоқсандағы 2020 жылғы
№ 469 қаулысына қосымша

Бәйдібек аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Ауыл округтер атауы

Орналасқан жері

1

Ағыбет

Ағыбет елді мекені, Талдыбұлақ көшесі және Ағыбет – Шаян тас жолының қиылысы

2

Ақбастау

Ақбастау елді мекені, Сейтқазы және Бейбітшілік көшелерінің қиылысы

3

Алғабас

Шақпақ елді мекені, С.Әбдіжаппаров көшесі "Қазпошта" жергілікті бөлімшесі ғимаратының алды

4

Алмалы

Жарықбас елді мекені, Байжансай және Бәйдібек ата елді мекендер жолының қиылысы

5

Бөген

Шалдар елді мекені, Ә.Қасымбеков көшесі Мәдениет үйінің қарсы бетінде

6

Борлысай

Ақтас елді мекені, Н.Тойжанов көшесі "Қуаныш-ата" дүкенінің жаны

7

Боралдай

Боралдай елді мекені, Ә.Жұмаділләұлы және Шымкент көшелерінің қиылысы

Жоғарғы Боралдай елді мекені, Төлеби көшесі және Боралдай-Шаян тас жолының қиылысы

8

Жамбыл

Жамбыл елді мекені, А.Айнақожа және С.Қартбаев көшелерінің қиылысы

9

Көктерек

Кеңестөбе елді мекені, Қостөбе және З.Қапалбаев көшелерінің қиылысы

10

Мыңбұлақ

Мыңбұлақ елді мекені, А.Ералиев және Ш.Алдабергенов көшелерінің қиылысы

11

Шаян

Шаян елді мекені, М.Әуезов және М.Маметова көшелерінің қиылысы

Шаян елді мекені, Б.Қарашаұлы көшесі "Балалар" аллеясының алды


Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории района Байдибек

Постановление акимата Байдибекского района Туркестанской области от 20 декабря 2020 года № 469. Зарегистрировано Департаментом юстиции Туркестанской области 20 декабря 2020 года № 5957. Утратило силу постановлением акимата Байдибекского района Туркестанской области от 2 ноября 2023 года № 453

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Байдибекского района Туркестанской области от 02.11.2023 № 453 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 12 апреля 2004 года "О регулировании торговой деятельности" и приказом исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 264 "Об утверждении Правил внутренней торговли" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11148) акимат района Байдибек ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить специально отведенные места для осуществления выездной торговли на территории района Байдибек согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Признать утратившим силу постановление акимата Байдибекского района от 13 марта 2018 года № 70 "Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Байдибекского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4486, опубликовано 18 апреля 2018 года в газете "Алгабас" и в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде 12 апреля 2018 года).

      3. Государственному учреждению "Аппарат акима района Байдибек" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Республиканском государственном учреждении "Департамент юстиции Туркестанской области Министерства юстиции Республики Казахстан";

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата района Байдибек.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Н.Айтбекова.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      Аким района Е. Шарипбеков

  Приложение к постановлению
акимата района Байдибек
от "20" декабря 2020 года № 469

Специально отведенные места для осуществления выездной торговли на территории района Байдибек

Наименование сельского округа

Место расположения

1

Агыбет

Населенный пункт Агыбет, пересечение улицы Талдыбулак и шоссе Агыбет – Шаян

2

Акбастау

Населенный пункт Акбастау, пересечение улиц Сейтказы и Бейбитшилик

3

Алгабас

Населенный пункт Шакпак, улица С.Абдижаппарова перед зданием местного отделения "Казпочта"

4

Алмалы

Населенный пункт Жарыкбас, пересечение дорог населенных пунктов Байжансай и Байдибек ата

5

Боген

Населенный пункт Шалдар, улица А.Касымбекова напротив Дом культуры

6

Борлысай

Населенный пункт Актас, улица Н.Тойжанова, возле магазина "Куаныш-ата"

7

Боралдай

Населенный пункт Боралдай, пересечение улиц А.Жумадиллаулы и Шымкент

Населенный пункт Верхний Боралдай, пересечение улицы Толеби и шоссе Боралдай-Шаян

8

Жамбыл

Населенный пункт Жамбул, пересечение улиц А.Айнакожа и С. Картбаева

9

Коктерек

Населенный пункт Кенестобе, пересечение улиц Костобе и З.Капалбаева

10

Мынбулак

Населенный пункт Мынбулак, пересечение улиц А.Ералиева и Ш.Алдабергенова

11

Шаян

Населенный пункт Шаян, пересечений улиц М.Ауезова и М.Молдагулова

Населенный пункт Шаян, улица Б.Карашаулы перед аллеей "Балалар"