Бәйдібек ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Бәйдiбек ауданы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 2 қарашадағы № 453 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 7 қарашада № 6399-13 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес, Бәйдібек ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бәйдібек ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      2. Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 469 "Бәйдібек ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5957 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бәйдібек ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бәйдібек ауданы әкімінің
      міндетін уақытша атқарушы Б. Турлыбеков

  2023 жылғы 2 қарашадағы
№ 453 Қаулысына қосымша

Бәйдібек ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Стационарлық емес сауда объектілерінің нақты орналасу орындары

Алатын алаңы (шаршы метр)

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)

Қызмет саласы

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

1

Ағыбет ауылдық округі, Ағыбет елді мекені, Талдыбұлақ көшесі, № 1 үйдің оң жағында

100

5

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

жоқ

2

Ақбастау ауылдық округі, Ақбастау елді мекені, Бейбітшілік көшесі, "Мейрамбек" азық-түлік дүкеніне қарама-қарсы

150

5

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

"Мейрамбек" дүкені

3

Алғабас ауылдық округі, Шақпақ елді мекені, С.Әбдіжаппаров көшесі,
"ҚАЗПОШТА" акционерлік қоғамының Түркістан облыстық филиалы
Бәйдібек аудандық почта байланыс торабы Шақпақ ауылдық почта байланыс бөлімшесі" ғимаратына қарама қарсы

200

5

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

жоқ

4

Алмалы ауылдық округі, Жарықбас елді мекені, Дарбаза көшесі, №13 үйдің сол жағында

200

5

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

жоқ

5

Бөген ауылдық округі, Шалдар елді мекені, Ә.Қасымбеков көшесі,
"Бәйдібек аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны "Шалдар" ауылдық мәдениет үйі" ғимаратына қарама қарсы

500

5

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

"Нұр- мейір" дүкені

6

Борлысай ауылдық округі, Ақтас елді мекені, Н.Тойжанов көшесі, "Қуаныш-ата" азық-түлік дүкенінің сол жағында

250

5

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

"Қуаныш ата" дүкені

7

Боралдай ауылдық округі, Боралдай елді мекені, Ә.Жұмаділләұлы көшесі, № 2/1 үйдің сол жағында

1000

5

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

"Мақсат" дүкені

8

Боралдай ауылдық округі, Жоғарғы Боралдай елді мекені, Төлеби көшесі "ҚазМұнай Газ" жанар-жағармай құю бекетіне қарама-қарсы

280

5

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

жоқ

9

Жамбыл ауылдық округі, Жамбыл елді мекені, А.Айнақожа көшесі, Бәйдібек аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімінің Жамбыл ауылдық округі №105 учаскелік полиция пунктінің сол жағында

400

5

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

жоқ

10

Көктерек ауылдық округі, Кеңестөбе елді мекені, З.Қапалбаев көшесі, № 2 ашық спорт алаңының оң жағында

270

5

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

"Береке" дүкені

11

Мыңбұлақ ауылдық округі, Мыңбұлақ елді мекені, А.Ералиев көшесі, №30/1 машина жөндеу орталығының сол жағында

400

5

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

"Бақыт" дүкені

12

Шаян ауылдық округі, Шаян елді мекені, М.Әуезов көшесі, "Тәуелсіздік" алаңы аумағында

2000

5

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

"Роза" дүкені

13

Шаян ауылдық округі, Шаян елді мекені, Б.Қарашаұлы көшесі, "Балалар аллеясына" қарама-қарсы

300

5

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

"Қанағат" дүкені


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады