Ескерту. Куші жойылды - Түркістан облысы Бәйдiбек ауданы әкiмдiгiнiң 02.11.2023 № 453 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27 бабының 2 тармағына және "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Бәйдібек ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бәйдібек ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 70 "Бәйдібек ауданының аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4486 тіркелген, 2018 жылғы 18 сәуірде "Алғабас" газетінде және 2018 жылғы 12 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде тіркелуін;
2) осы қаулының Бәйдібек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Айтбековке жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Шәріпбеков |
Бәйдібек ауданы әкімдігінің "20" желтоқсандағы 2020 жылғы № 469 қаулысына қосымша |
Бәйдібек аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар
№ | Ауыл округтер атауы | Орналасқан жері |
1 | Ағыбет | Ағыбет елді мекені, Талдыбұлақ көшесі және Ағыбет – Шаян тас жолының қиылысы |
2 | Ақбастау | Ақбастау елді мекені, Сейтқазы және Бейбітшілік көшелерінің қиылысы |
3 | Алғабас | Шақпақ елді мекені, С.Әбдіжаппаров көшесі "Қазпошта" жергілікті бөлімшесі ғимаратының алды |
4 | Алмалы | Жарықбас елді мекені, Байжансай және Бәйдібек ата елді мекендер жолының қиылысы |
5 | Бөген | Шалдар елді мекені, Ә.Қасымбеков көшесі Мәдениет үйінің қарсы бетінде |
6 | Борлысай | Ақтас елді мекені, Н.Тойжанов көшесі "Қуаныш-ата" дүкенінің жаны |
7 | Боралдай | Боралдай елді мекені, Ә.Жұмаділләұлы және Шымкент көшелерінің қиылысы |
Жоғарғы Боралдай елді мекені, Төлеби көшесі және Боралдай-Шаян тас жолының қиылысы | ||
8 | Жамбыл | Жамбыл елді мекені, А.Айнақожа және С.Қартбаев көшелерінің қиылысы |
9 | Көктерек | Кеңестөбе елді мекені, Қостөбе және З.Қапалбаев көшелерінің қиылысы |
10 | Мыңбұлақ | Мыңбұлақ елді мекені, А.Ералиев және Ш.Алдабергенов көшелерінің қиылысы |
11 | Шаян | Шаян елді мекені, М.Әуезов және М.Маметова көшелерінің қиылысы |
Шаян елді мекені, Б.Қарашаұлы көшесі "Балалар" аллеясының алды |