Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 68 бабының 3), 9), 11) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Сайрам ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3. "Сайрам аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Түркістан облыстық Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сайрам аудандық мәслихатының интернет ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ш. Халмурадов |
Мәслихат хатшысы | Ж. Мұсаханұлы |
Сайрам ауданының мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 59-364/VI шешіміне 1 қосымша |
Сайрам ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 13.02.2024 № 12-101/VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу құқығын іске асыру үшін Сайрам ауданында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері:
1) әлеуметтік көмек түрінде, бастапқы жарна сомасының 10% мөлшерінде, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде;
2) әлеуметтік қолдау түрінде, бастапқы жарна сомасының 10% мөлшерінде, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде айқындалсын.
Сайрам ауданының мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 59-364/VI шешіміне 2 қосымша |
Сайрам ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 13.02.2024 № 12-101/VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
1. "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 68-бабының 3), 9) және 11) тармақшаларымен айқындалған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары;
2. "Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес қалыптастырылатын еңбек ресурстарының болжамын ескере отырып, еңбек жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларында еңбек қызметін жүзеге асыратын сұранысқа ие мамандар.