"Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халық пікірін ескере отырып және Түркістан облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 10 тамыздағы қорытындысы негізінде Арыс ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Арыс ауылдық округінің Нұржанқорған елді мекенінің Инклап көшесі Атамекен көшесі деп қайта аталсын.
2. "Сайрам ауданының Арыс ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Арыс ауылдық округі әкімінің орынбасары И.Артиковқа жүктелсін.
4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Арыс ауылдық округінің әкімі | М. Сиддиков |