Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Жетісай аудандық мәслихатының 30.11.2022 № 26-168-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 1) және 2) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10030 болып тіркелген) бұйрығына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 404 "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14285 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жетісай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жетісай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Жетісай ауданыны бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарын жинау, әкету және көму тарифтері осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. "Жетісай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Жетісай аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | М. Амирбекова |
Аудандық мәслихат хатшысы | А. Утанов |
Жетісай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 33-167-VI шешіміне 1 қосымша |
Жетісай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жылдық жинақталу нормасы, текше метр |
1 | Үйлер: жайлы жайлы емес | 1 тұрғын |
0,95 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 1 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,40 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,3 |
6 | Емханалар | 1 келіп кету | 0,008 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,12 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,57 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы | 1 отыратын орын | 0,2 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | - |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,2 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,2 |
14 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | сауда алаңы 1 м2 | 0,71 |
15 | Машиналардан сату | сауда орнының 1 м2 | - |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 1 |
17 | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | - |
18 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | - |
19 | Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,2 |
20 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,5 |
21 | Жағажайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | - |
22 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,91 |
23 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар | 1 машина-орын | 0,2 |
24 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 0,65 |
25 | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | - |
26 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,45 |
27 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,36 |
28 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,06 |
29 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) | 1 жұмыс орны | 0,06 |
30 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,23 |
31 | Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы | - |
32 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 0,0020 |
Жетісай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 33-167-VI шешіміне 2 қосымша |
Жетісай ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарын жинау, әкету және көму тарифтері
№ п/п | Атауы | Есептік бірлік | Қызметтің құны (теңге) |
1. | Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, әкету және көму тарифі | ||
1.1. | Жайлы үйлер | Тұрғын/1айда | 94 |
1.2. | Жайлы емес үйлер | Тұрғын/1айда | 105 |
1.3. | Жеке кәсіпкерлік субъектілер және заңды тұлғалар | 1 м3 | 1187,55 |
2. | Қатты тұрмыстық қалдықтарды көму тарифі | ||
2.1. | Жеке тұлғалар үшін | 1 м3 | 356,26 |
2.2. | Жеке кәсіпкерлік субъектілер және заңды тұлғалар үшін | 1 м3 | 433,02 |