Жетісай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарын жинау, әкету және көму тарифтерін бекіту туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Жетісай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 33-167-VI шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 7 шілдеде № 5698 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Жетісай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 қарашадағы № 26-168-VII шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Жетісай аудандық мәслихатының 30.11.2022 № 26-168-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 1) және 2) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10030 болып тіркелген) бұйрығына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 404 "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14285 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жетісай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жетісай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Жетісай ауданыны бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарын жинау, әкету және көму тарифтері осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. "Жетісай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Жетісай аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы М. Амирбекова
      Аудандық мәслихат хатшысы А. Утанов

  Жетісай аудандық
мәслихатының 2020 жылғы
23 маусымдағы № 33-167-VI
шешіміне 1 қосымша

Жетісай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Коммуналдық қалдықтардың жылдық жинақталу нормасы, текше метр

1

Үйлер: жайлы жайлы емес

1 тұрғын

0,95
1,061

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

1

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

1

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,40

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,3

6

Емханалар

1 келіп кету

0,008

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

1

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,12

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

0,57

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 отыратын орын

0,2

11

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м2

-

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,2

13

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2

0,2

14

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

сауда алаңы 1 м2

0,71

15

Машиналардан сату

сауда орнының 1 м2

-

16

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

1

17

Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

-

18

Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

-

19

Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1 м2

0,2

20

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,5

21

Жағажайлар

Жалпы алаңы 1 м2

-

22

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,91

23

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар

1 машина-орын

0,2

24

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

0,65

25

Гараж кооперативтері

1 гаражға

-

26

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

0,45

27

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1 м2

0,36

28

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,06

29

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.)

1 жұмыс орны

0,06

30

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

0,23

31

Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар

1000 қатысушы

-

32

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

0,0020

 
  Жетісай аудандық
мәслихатының 2020 жылғы
23 маусымдағы № 33-167-VI
шешіміне 2 қосымша

Жетісай ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарын жинау, әкету және көму тарифтері

№ п/п

Атауы

Есептік бірлік

Қызметтің құны (теңге)

1.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, әкету және көму тарифі


1.1.

Жайлы үйлер

Тұрғын/1айда

94

1.2.

Жайлы емес үйлер

Тұрғын/1айда

105

1.3.

Жеке кәсіпкерлік субъектілер және заңды тұлғалар

1 м3

1187,55

2.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды көму тарифі


2.1.

Жеке тұлғалар үшін

1 м3

356,26

2.2.

Жеке кәсіпкерлік субъектілер және заңды тұлғалар үшін

1 м3

433,02


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады