Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына,Қазақстан Республикасының"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 "Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес,Жетісай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жетісай ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Жетісай ауданы мәслихатының"Жетісай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтердің бекіту туралы" 2020 жылғы 23 маусымдағы № 33-167-VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 5698 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат хатшысының м.а. | Н. Бектуреев |
Жетісай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 қарашадағы № 26-168-VII шешіміне қосымша |
Жетісай ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қатты қалдықтардыжинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы | Есептік бірлік | Теңге (Қосылған құн салығынсыз) |
Жайлы үйлер | 1 тұрғын айына | 121,25 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын айына | 133,72 |
Жылдық тариф бірлігіне (көлеміне) | 1 м3 | 1359,85 |