Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 29.09.2020 № 50/7-VI шешімімен (01.10.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 1-тармағына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Глубокое аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № 24/8-VI "Глубокое ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-9-180 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 1 қазанда электронды түрде жарияланған) күші 2020 жылдың 1 қазанына дейін тоқтатылсын.
2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия торағасы | Р. Жансаитов |
Глубокое аудандық мәслихатының хатшысы | А. Баймульдинов |