Глубокое ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № 24/8-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Глубокое аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 28 қыркүйекте № 5-9-180 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 50/7-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 29.09.2020 № 50/7-VI шешімімен (01.10.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі. Қолданысы 01.10.2020 дейін тоқтатыла тұрады – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 27.03.2020 № 39/8-VI шешімімен (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Глубокое ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау жылына бір рет 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерде көрсетіледі.

      2. Коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу (әрі қарай - әлеуметтік қолдау) бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің келесі тәртібі белгіленсін:

      1) әлеуметтік қолдау тағайындауды уәкілетті орган – "Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – қызмет беруші) жүзеге асырады;

      2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) сәйкес, жеке тұлға (немесе оның нотариалдық сенімхатпен расталған өкілі) әлеуметтік қолдау алу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына еркін түрде өтінішпен қызмет көрсетушіге немесе кент, ауылдық округ әкіміне жүгінеді және келесі құжаттарды береді;

      3) әлеуметтік қолдау көрсету туралы шешімді немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты әлеуметтік қолдауды тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган келесі мерзімде қабылдайды:

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамға, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні;

      тұрғылықты жері бойынша кент, ауылдық округтің әкіміне құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;

      4) әлеуметтік қолдау көрсетуден бас тартуға негіз болады:

      өтініш беруші осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы;

      өтініш беруші берген мәліметтердің жалған болуы немесе берілген құжаттардың сәйкес келмеуі;

      Глубокое ауданынан тыс ауылды жерде тұруы;

      лауазымдарды біріктірген кезде, негізгі жұмыс орны бойынша әлеуметтік қолдау алушының лауазымы әлеуметтік қолдауға құқық беретін лауазымдар тізіліміне сәйкес келмесе;

      ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау тағайындалған жағдайда, жыл ішінде екінші рет жүгінсе.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 22.11.2019 № 36/7-VI шешімімен (01.11.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Глубокое аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Мурзыканова
      Глубокое аудандық мәслихатының хатшысы А. Баймульдинов

  Глубокое аудандық
мәслихатының
2018 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 24/8-VI шешіміне
қосымша

Глубокое аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізілімі

      1. Глубокое аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 шілдедегі № 28/6-V "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3465 болып тіркелген, 2014 жылы 8 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. Глубокое аудандық мәслихатының 2015 жылғы 16 маусымдағы № шешімі "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" 2014 жылғы 24 шілдедегі № 28/6-V Глубокое аудандық мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4020 болып тіркелген, 2015 жылы 17 шілдеде "Огни Прииртышья", "Ақ бұлақ" газеттерінде жарияланған).

      3. Глубокое аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 5/6-VI "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" 2014 жылғы 24 шілдедегі № 28/6-V Глубокое аудандық мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4690 болып тіркелген, 2016 жылы 25 қазандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады