Глубокое ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 50/7-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 қазанда № 7644 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8/9-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 22.12.2023 № 8/9-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабы 1 - тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5, 9 -тармақтарына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Глубокое ауданының ауылдық елдi мекендерінде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (әрі қарай - әлеуметтік қолдау) көрсетіледі.

      2. Әлеуметтік қолдау көрсетудің келесі мөлшері мен тәртібі бекітілсін:

      1) әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 11, 1966 айлық есептік көрсеткіш "Қазпошта" акционерлік қоғамының бөлімшесі және екінші деңгейдегі банктер арқылы көрсетіледі;

      2) әлеуметтік қолдау тағайындауды мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының бірінші басшылары бекіткен жиынтық тізімдер негізінде, алушылардан өтініштер талап етілмей, уәкілетті орган – "Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

      3. Осы шешімнің күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына қолданылады.

      4. Күші жойылды деп танылсын:

      1) Глубокое аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № 24/8-VI "Глубокое ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-9-180 болып тіркелген, 2018 жылғы 1 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған);

      2) Глубокое аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 39/8-VI "Глубокое аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № 24/8-VI "Глубокое ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешімінің күшін уақытша тоқтату туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6850 болып тіркелген, 2020 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).

      5. Осы шешім 2020 жылдың 1 қазанынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия торағасы В. Бородина
      Глубокое аудандық мәслихатының хатшысы А. Баймульдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады