ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Айқындалсын:
осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Тарбағатай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары;
осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Тарбағатай ауданында арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес Тарбағатай ауданында арнайы орындарды пайдалану тәртібі;
осы шешімнің 4 қосымшасына сәйкес Тарбағатай ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары.
2. Тарбағатай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 наурыздағы № 34-2 "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4463 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 11 мамырында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Омарбеков |
Тарбағатай аудандық мәслихатының хатшысы | С. Жакаев |
Тарбағатай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 65-4 шешіміне 1- қосымша |
Тарбағатай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 11.09.2023 № 7/6-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
р/с № |
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру | Шекті толу нормасы |
1. |
Ақжар ауылы, Жамбыл көшесі. Жамбыл көшесінің бойындағы "Қабанбай батыр" саябағының ішіндегі шағын сахнаның алдындағы алаң. | 70 адам |
Тарбағатай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 65-4 шешіміне 2- қосымша |
Тарбағатай ауданында арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 11.09.2023 № 7/6-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Ұйымдастырушы немесе ұйымдастырушының өкілдері бейбіт жиналыстарды өткізу кезінде дыбыс-бейне жазу техникасын, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауға арналған техниканы пайдалануға құқылы.
2. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен жүзеге асырады.
Тарбағатай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 65-4 шешіміне 3- қосымша |
Тарбағатай ауданында арнайы орындарды пайдалану тәртібі
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 11.09.2023 № 7/6-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бейбіт жиналыстар пикеттеуді қоспағанда, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін осы шешіммен айқындалған арнайы жерлерде өткізіледі.
Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.
Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-ден ерте бастауға және сағат 20.00-ден кеш аяқтауға болмайды.
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан да көп пикет өткізуге жол берілмейді.
Пикеттеу ұзақтығы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне 2 сағаттан аспауға тиіс.
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 17 және 18 баптарында көзделген жағдайларда жергілікті атқарушы орган өкілінің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талап етуі бойынша бейбіт жиналыстарға қатысушыларға осындай талапты орындау қажеттігі туралы ақпарат бере отырып, бейбіт жиналыстарды тоқтата тұрады немесе тоқтатады.
Тарбағатай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 65-4 шешіміне 4- қосымша |
Тарбағатай ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 11.09.2023 № 7/6-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ақжар ауылының келесі объектілерінің іргелес аумақтарынан кемінде 400 метр қашықтықта пикеттеуді өткізу шекарасы айқындалсын:
1) жаппай жерлеу орындары;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.