Үржар ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 54-676/VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 қазанда № 7623 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 2-32/VIII шешімі

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 26.04.2023 № 2-32/VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-9 тармағына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 14-1 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) сәйкес Үржар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Үржар ауданы бойынша тұрғын үй сертификатының мөлшері қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 30.03.2022 № 14-220/VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Үржар ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі айқындалсын:

      1) Үржар ауданы әкімдіктеріне бағынышты мемлекеттік мекемелерде және мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс істейтін:

      білім ұйымдарындағы педагогикалық қызметкерлер;

      денсаулық сақтау ұйымдарындағы медицина қызметкерлері;

      арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетумен айналысатын әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының қызметкерлері;

      мәдениет және спорт ұйымдарындағы мамандандырылған қызметкерлер;

      2) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының ішінен:

      мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі

      "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

      толық емес отбасылар.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 05.10.2022 № 18-301/VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Акпеков
      Үржар аудандық мәслихатының хатшысы К. Карашев

Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Урджарскому району

Решение Урджарского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 23 сентября 2020 года № 54-676/VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 6 октября 2020 года № 7623. Утратило силу решением Урджарского районного маслихата области Абай от 26 апреля 2023 года № 2-32/VIII

      Сноска. Утратило силу решением Урджарского районного маслихата области Абай от 26.04.2023 № 2-32/VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание ИЗПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 2-9 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 2 статьи 14-1 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 20 июня 2019 года № 417 "Об утверждении правил предоставления жилищных сертификатов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 18883) Урджарский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить размер жилищного сертификата по Урджарскому району 10 % от суммы займа, но не более 1 500 000 (одного миллиона пятисот тысяч) тенге в виде социальной помощи.

      Сноска. Пункт 1 в редакции решения Урджарского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 30.03.2022 № 14-220/VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Определить перечень категорий получателей жилищных сертификатов по Урджарскому району:

      1) осуществляющие трудовую деятельность в государственных учреждениях и государственных предприятиях, подведомственных акимату Урджарского района:

      педагогические работники в организациях образования;

      медицинские работники в организациях здравоохранения;

      работники организаций социального обеспечения, участвующие в оказании специальных социальных услуг;

      профильные работники организаций культуры и спорта;

      2) социально уязвимые слои населения из числа:

      семьи, имеющие или воспитывающие детей с инвалидностью;

      многодетных матерей, награжденных подвесками "Алтын Алқа", "Күміс алқа" или получивших ранее звание "Мать-героиня", а также награжденных орденами "Материнская слава" I и II степени, многодетных семей;

      неполных семей.

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным решением Урджарского районного маслихата области Абай от 05.10.2022 № 18-301/VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии М. Акпеков
      Секретарь Урджарского районного маслихата К. Карашев