Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 26.04.2023 № 2-32/VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-9 тармағына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 14-1 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) сәйкес Үржар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Үржар ауданы бойынша тұрғын үй сертификатының мөлшері қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 30.03.2022 № 14-220/VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Үржар ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі айқындалсын:
1) Үржар ауданы әкімдіктеріне бағынышты мемлекеттік мекемелерде және мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс істейтін:
білім ұйымдарындағы педагогикалық қызметкерлер;
денсаулық сақтау ұйымдарындағы медицина қызметкерлері;
арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетумен айналысатын әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының қызметкерлері;
мәдениет және спорт ұйымдарындағы мамандандырылған қызметкерлер;
2) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының ішінен:
мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі
"Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
толық емес отбасылар.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 05.10.2022 № 18-301/VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Акпеков |
Үржар аудандық мәслихатының хатшысы | К. Карашев |