Үржар ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

Жаңартылған

Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 2-32/VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 2 мамырда № 57-18 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-9 тармағына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 14-1 бабының 2 тармағына, 68 бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес, Үржар аудандық мәслихатының шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      А. Омаров

  2023 жылғы 26 сәуірдегі
№ 2-32/VIII шешіміне
1 қосымша

Тұрғын үй сертификатының мөлшері

      1. Әлеуметтік көмек түрі ретінде қарыз сомасының 10 % алайда 1 600 000 (бір миллион алты жүз мың) теңгеден артық емес.

      2. Әлеуметтік қолдау түрі ретінде қарыз сомасының 10 % алайда 1 600 000 (бір миллион алты жүз мың) теңгеден артық емес.

  2023 жылғы 26 сәуірдегі
№ 2-32/VIII шешіміне
2 қосымша

Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі

      Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда – Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 10.07.2024 № 15-295/VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  №  

Атауы

1

Ұлы Отан соғысының ардагерлері

2

Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер

3

Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері

4

Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар

5

Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар

6

Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар

7

Жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер

8

Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады

9

Қандастар

10

Экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар

11

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар

12

Мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары

13

Толық емес отбасылар

  2023 жылғы 26 сәуірдегі
№ 2-32/VIII шешіміне
3 қосымша

Үржар аудандық мәсихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі

      "Үржар ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 54-676/VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7623 болып тіркелген), соның ішінде:

      1) Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 қыркүйектегі "Үржар ауданы бойынша тұратын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" № 54-676/VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2022 жылғы 30 наурыздағы № 14-220/VII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27378 болып тіркелген);

      2) Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 қыркүйектегі "Үржар ауданы бойынша тұратын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 54-676/VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2022 жылғы 5 қазандағы № 18-301/VII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30287 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады