Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 54-676/VI "Үржар ауданы бойынша тұратын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 14-220/VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 4 сәуірде № 27378 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 2-32/VIII шешімі

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 26.04.2023 № 2-32/VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 54-676/VI "Үржар ауданы бойынша тұратын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7623 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Үржар ауданы бойынша тұрғын үй сертификатының мөлшері қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес айқындалсын.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Үржар аудандық мәслихатының хатшысы К. Карашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады