Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес, Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бөрлі аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 шілдедегі №5-5 "Жеке тұрғын үй қорындағы және жалға берілген тұрғын үйлердегі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының шығыстары жергілікті бюджетке жүктелетін азаматтар санатын белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7-3-133 тіркелген, 2012 жылғы 30 тамыздағы "Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
"Жеке тұрғын үй қорындағы және жалға берiлетін үйлердегі тұрғынжайды пайдаланғаны үшiн төлемақы төлеу жөніндегі шығыстар жергілікті бюджетке жүктелетін азаматтар санатын айқындау туралы";
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"1. Жеке тұрғын үй қорындағы және жалға берiлетін үйлердегі тұрғынжайды пайдаланғаны үшiн төлемақы төлеу жөніндегі шығыстар жергілікті бюджетке жүктелетін келесі азаматтар санаты айқындалсын:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
мемлекеттік қызметшілер;
бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi.".
2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Б.Мукашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
төраға | А. Агаев |
Мәслихат хатшысы | А. Куликешев |