Бөрлі аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 шілдедегі № 5-5 "Жеке тұрғын үй қорындағы және жалға берілген тұрғын үйлердегі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының шығыстары жергілікті бюджетке жүктелетін азаматтар санатын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 18 қыркүйектегі № 53-4 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 қыркүйекте № 6368 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес, Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бөрлі аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 шілдедегі №5-5 "Жеке тұрғын үй қорындағы және жалға берілген тұрғын үйлердегі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының шығыстары жергілікті бюджетке жүктелетін азаматтар санатын белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7-3-133 тіркелген, 2012 жылғы 30 тамыздағы "Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Жеке тұрғын үй қорындағы және жалға берiлетін үйлердегі тұрғынжайды пайдаланғаны үшiн төлемақы төлеу жөніндегі шығыстар жергілікті бюджетке жүктелетін азаматтар санатын айқындау туралы";

      1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Жеке тұрғын үй қорындағы және жалға берiлетін үйлердегі тұрғынжайды пайдаланғаны үшiн төлемақы төлеу жөніндегі шығыстар жергілікті бюджетке жүктелетін келесі азаматтар санаты айқындалсын:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

      мемлекеттік қызметшілер;

      бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi.".

      2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Б.Мукашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      төраға А. Агаев
      Мәслихат хатшысы А. Куликешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады