БҰЙЫРАМЫН:
1. "Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10194 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 сәурде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 4-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 10 қарашадан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
А. Иргалиев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 17 ақпаны № 18 Бұйрыққа қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына 4-қосымша |
Хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесі
Р/с № | Мемлекеттік орган | Ведомстволар, орталық мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері және олардың аумақтық бөлімшелері | Хабарламалар түрлері | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі | Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі | Эротикалық сипаттағы материалдарды орналастыратын мерзімді баспасөз басылымдарын немесе интернет-ресурстарды тарату жөніндегі қызметтің басталғаны туралы хабарлама | |
2 | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық немесе аудандық аумақтық инспекциялары | Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар бойынша аумақтық инспекциялары | Жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін анықтау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлерінің ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама | |||
3 | Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық бөлімшелері | Нотариат қызметін жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |
4 | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |
5 | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі | Интервенциялық емес клиникалық зерттеулер жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаменттері | Медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткiзу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |||
Медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткiзу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | ||||
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері | Халықтың декреттелген тобын гигиеналық оқыту жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |||
Эпидемиялық маңыздылығы елеусіз объект қызметінің басталғаны және тоқтатылғаны (оларды пайдалану) туралы хабарлама | ||||
Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу қызметінің басталғаны туралы хабарлама | ||||
6 | Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі | Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі | Бағалы металдарды, асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |
Электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды дайындау және беру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | ||||
Теңіз көлігі мамандарын даярлау (қайта даярлау) және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | ||||
Оқу дабылдарын және аварияға қарсы жаттығуларды өткізу туралы хабарлама | ||||
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті | Энергия аудиті мен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |||
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары | Техникалық тексеріп қарау операторлары қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |||
7 | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары | Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама | |
Дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама | ||||
Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама | ||||
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті | Әкімші (уақытша әкімші, оңалту, уақытша және банкроттық басқарушылар) қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |||
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті | "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингі субъектісі болып табылатын тұлға қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |||
8 | Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі | Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі | Турагенттік қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |
Гид (гид-аудармашы), экскурсовод, туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | ||||
9 | Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігініңТехникалық реттеу және метрология комитеті | Шетелдік және халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік үлгінің сәйкестігін растау саласындағы құжаттарды беру жөніндегі қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама | |
10 | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті | Табиғи монополия субъектісінің өзге қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама | |
Табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызметтер көрсетуді бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама | ||||
11 | Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі | Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті | Геодезиялық жұмыстарды жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |
Картография жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | ||||
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі | Байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |||
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіТелекоммуникациялар комитетінің аумақтық органдары | Радиоэлектрондық құралдарды пайдалануды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама | |||
Жоғары жиілікті құрылғыны пайдалануды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама | ||||
12 | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары | Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |
Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | ||||
13 | Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі | Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі | Теңіз ғылыми зерттеулерін жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігініңОрман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті | Зоологиялық коллекцияны жасау туралы хабарлама | |||
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | ||||
14 | Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті | Энергетикалық сараптама жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |
Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті | Мұнай өнімдерінің көтерме жеткізілімдеріне байланысты қызметтің басталғаны немесе тоқталғаны туралы хабарлама | |||
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі | Электр энергетикасы объектілерін және (немесе) олардың жекелеген бөліктерін сатып алу-сату, жалға немесе сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |||
15 | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары | Уәкілетті банктің айырбастау пункті қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның микрокредиттер беруі жөніндегі көрсетілетін қызметтердің бекітілгені туралы хабарлама | ||||
Қаржы ұйымының қаржылық өнімдерін бекітуі туралы хабарлама | ||||
16 | Жергілікті атқарушы органдар | Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті басқару органдары | Тұқымның сұрыпты және егу сапаларына сараптама жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |
Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сұрыптық егістерін сынақтан өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | ||||
Такси тасымалдаушысы ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | ||||
Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | ||||
Тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | ||||
Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарлама | ||||
Автовокзалдар, автостанциялар мен жолаушыларға қызмет көрсету пункттері қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | ||||
Шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөніндегі курстар қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | ||||
Халықаралық және республикаішілік қатынастарда қауiптi жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдары жүргізушілерін арнайы даярлау жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | ||||
Заңды тұлғалардың түсті және қара металдар сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізуі жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | ||||
Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама | ||||
17 | Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары | Ведомстволар, орталық мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері және олардың аумақтық бөлімшелері | Өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама |