Мемлекеттік ақпараттық саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 150 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 1 мамырда № 22683 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2024 жылғы 6 желтоқсандағы № 577-НҚ бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 06.12.2024 № 577-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-6-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 30.11.2023 № 479-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік ақпараттық саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму министрі
А. Балаева

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрі
2021 жылғы 30 сәуірдегі
№ 150 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік ақпараттық саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы мемлекеттік ақпараттық саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның ережесі (бұдан әрі – Ереже) "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-6-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 30.11.2023 № 479-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мемлекеттік ақпараттық саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңның 4-3-бабы 7-1) тармақшасына сәйкес бекітілетін республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 75 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14886 болып тіркелген) және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 30.11.2023 № 479-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Комиссияның функциялары

      3. Комиссияның негізгі функциялары мыналар болып табылады:

      1) өңірлік деңгейдегі мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының тізбесін қарау және Қағидаларға сәйкес ұсыныстар әзірлеу;

      2) үміткерлердің республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты алуға арналған өтінімдерін қарау және Қағидаларға сәйкес ұсыныстар әзірлеу;

      3) Қағидаларға сәйкес республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде іске асырылатын республикалық деңгейдегі мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының тізбесін бекіту;

      4) Қағидаларға сәйкес республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты алуға үміткерлердің құжаттар тізбесін қарау;

      5) республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты алуға қатысу үшін үміткерлерді жіберу немесе жібермеу туралы шешім қабылдау;

      6) республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырыстың жеңімпазын айқындау туралы шешім қабылдау;

      7) республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты өтпеді деп тану туралы шешім қабылдау.

3-тарау. Комиссия қызметін ұйымдастыру тәртібі

      4. Комиссия құрамы ақпарат саласындағы уәкілетті орган ведомствосы басшысының, коммерциялық емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатарынан бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) бұйрығымен қалыптастырылады және бекітіледі.

      5. Комиссия төрағадан, комиссия мүшелерінен және хатшыдан тұрады.

      Ақпарат саласындағы уәкілетті орган ведомствосының басшысы не оны алмастыратын адам Комиссияның төрағасы болып табылады.

      Комиссия хатшысы ақпарат саласындағы уәкілетті орган ведомствосының құрылымдық бөлімшесінің басшысы болып табылады.

      Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды.

      6. Комиссия тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады және кемінде жеті мүшеден тұрады.

      7. Комиссияның жұмыс органы уәкілетті органның ведомствосы болып табылады.

      8. Комиссия отырыстары, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, заңды деп есептеледі.

      9. Комиссия төрағасы Комиссияның жұмысына басшылықты жүзеге асырады, Комиссия отырыстарында төрағалық етеді, Комиссия отырысының күн тәртібін бекітеді, Комиссия отырыстарының хаттамаларына қол қояды, Комиссия шешімдерінің іске асырылуына бақылауды жүзеге асырады.

      10. Комиссия мүшелері:

      1) өздері ұсынатын қызметтердің сәйкестігін растау үшін үміткерлер ұсынған құжаттарды толықтығы және тиісінше ресімделуі тұрғысынан қарайды;

      2) Қағидаларда көзделген талаптарға құжаттар тізбесімен бірге республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты алуға үміткер ұсынған өтінімдердің сәйкестігі тұрғысынан қорытындылар береді;

      3) Қағидаларға сәйкес республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысқа балдық бағалау жүргізеді.

      11. Комиссия хатшысы:

      1) отырыс үшін күн тәртібін қалыптастырады, қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді және Комиссия отырысын өткізуді ұйымдастырады;

      2) Комиссия отырыстарының қарауына ұсынылған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      3) Комиссия мүшелеріне республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша қатысуға тікелей немесе жанама мүдделіліктің болуы туралы Комиссия мүшелерін хабардар етеді;

      4) жыл сайын, 5 желтоқсанға дейін орталық мемлекеттік органдардан алдағы жылға арналған тақырыптық бағыттардың сұратады.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 30.11.2023 № 479-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Жұмыс органы құжаттарды Қағидаларда белгіленген тәртіпке сәйкес Комиссия отырысына шығару үшін мемлекеттік ақпараттық саясатты өңірлік деңгейде жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты алуға үміткерлердің өтінімдерін Комиссия хатшысына ұсынады.

      13. Комиссия мүшелері шешім қабылдау кезінде тең дауысқа ие болады. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және қатысып отырған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданған болып есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда Комиссия мүшелері өз пікірін жазбаша түрде баяндайды, ол Комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі.

      14. Комиссия мүшесі отырыстарда болмаған жағдайда, Комиссия отырысының хаттамасында осы фактіні растайтын құжатты қоса бере отырып, оның болмау себебі көрсетіледі.

      15. Қабылданған шешімдер хаттамамен ресімделеді, оған төраға қол қояды, отырысқа қатысқан Комиссия мүшелері мен хатшысы бұрыштама қояды.

      16. Егер Комиссия мүшесінің республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге қатысуға тікелей немесе жанама мүдделілігі болса, Комиссия мүшесі үміткерлердің өтінімдерін қарауға қатыспайды.

      Егер Комиссия мүшесінің республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша қатысуға тікелей немесе жанама мүдделілігі болған жағдайда, ол бұл туралы Комиссия төрағасын, мүшелерін және хатшысын хабардар етеді.

Об утверждении положения о Республиканской комиссии по вопросам формирования государственной информационной политики

Приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 30 апреля 2021 года № 150. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 мая 2021 года № 22683. Утратил силу приказом и.о. Министра культуры и информации РК от 0612.2024 № 577-НҚ.

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра культуры и информации РК от 06.12.2024 № 577-НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 3 статьи 4-6 Закона Республики Казахстан "О средствах массовой информации" ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа Министра культуры и информации РК от 30.11.2023 № 479-НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемое положение о Республиканской комиссии по вопросам формирования государственной информационной политики.

      2. Комитету информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра информации и общественного развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр информации и
общественного развития
Республики Казахстан
А. Балаева

  Утверждено
приказом Министра
информации и
общественного развития
Республики Казахстан
от 30 апреля 2021 года
№ 150

Положение о Республиканской комиссии по вопросам государственной
информационной политики

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящее положение Республиканской комиссии по вопросам государственной информационной политики (далее – Положение) разработано в соответствии с пунктом 3 статьи 4-6 Закона Республики Казахстан "О средствах массовой информации" (далее - Закон).

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа Министра культуры и информации РК от 30.11.2023 № 479-НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Республиканская комиссия по вопросам государственной информационной политики (далее – Комиссия) осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией Республики Казахстан, Правилами размещения государственного заказа по проведению государственной информационной политики на республиканском и региональном уровнях, утвержденными приказом Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 28 февраля 2017 года № 75 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 14886) (далее – Правила) и настоящим Положением.

      Сноска. Пункт 2 - в редакции приказа Министра культуры и информации РК от 30.11.2023 № 479-НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Функции Комиссии

      3. Основными функциями Комиссии являются:

      1) рассмотрение перечня тематических направлений государственной информационной политики на региональном уровне и выработка предложений в соответствии с Правилами;

      2) рассмотрение заявок претендентов на получение государственного заказа по проведению государственной информационной политики на республиканском и региональном уровнях и выработка предложений в соответствии с Правилами;

      3) утверждение перечня тематических направлений государственной информационной политики на республиканском уровне, реализуемых в рамках государственного заказа по проведению государственной информационной политики на республиканском уровне в соответствии с Правилами;

      4) рассмотрение перечня документов претендентов на получение государственного заказа по проведению государственной информационной политики на республиканском уровне в соответствии с Правилами;

      5) принятие решения о допуске или не допуске претендентов к участию на получение государственного заказа по проведению государственной информационной политики на республиканском уровне;

      6) принятие решения об определении победителя государственного заказа по проведению государственной информационной политики на республиканском уровне;

      7) принятие решения о признании государственного заказа по проведению государственной информационной политики на республиканском уровне несостоявшимся.

Глава 3. Порядок организации деятельности Комиссии

      4. Состав Комиссии формируется и утверждается приказом уполномоченного органа в области средств массовой информации (далее – уполномоченный орган) из числа руководителя ведомства уполномоченного органа в области информации, представителей некоммерческих организаций, средств массовой информации, заинтересованных государственных органов.

      5. Комиссия состоит из председателя, членов Комиссии и секретаря.

      Председателем Комиссии является руководитель ведомства уполномоченного органа в области информации либо лицо, его замещающее.

      Секретарем Комиссии является руководитель структурного подразделения ведомства уполномоченного органа в области информации.

      Секретарь Комиссии не является членом Комиссии, и не участвует в голосовании.

      6. Комиссия является постоянно действующим органом и состоит из не менее семи членов.

      7. Рабочим органом Комиссии является ведомство уполномоченного органа.

      8. Заседания Комиссии считаются правомочными, если на них присутствуют более половины от общего числа членов Комиссии.

      9. Председатель Комиссии осуществляет руководство работой Комиссии, председательствует на заседаниях Комиссии, утверждает повестку дня заседания Комиссии, подписывает протоколы заседаний Комиссии, осуществляет контроль за реализацией решений Комиссии.

      10. Члены Комиссии:

      1) рассматривают на предмет полноты и надлежащего оформления документы, представленные претендентами для подтверждения соответствия предлагаемых ими услуг;

      2) дают заключения на предмет соответствия предлагаемых претендентом на получение государственного заказа по проведению государственной информационной политики на республиканском уровне заявки с перечнем документов к требованиям, предусмотренными Правилами;

      3) проводят балльную оценку государственного заказа по проведению государственной информационной политики на республиканском уровне в соответствии с Правилами.

      11. Секретарь Комиссии:

      1) формирует повестку дня для заседания, обеспечивает необходимыми документами и организует проведение заседания Комиссии;

      2) обеспечивает сохранность документов, представленных на рассмотрение заседаний Комиссии;

      3) информирует членов Комиссии о наличии прямой или косвенной заинтересованности в участии по проведению государственной информационной политики на республиканском и региональном уровнях у членов Комиссии;

      4) ежегодно, до 5 декабря запрашивает от центральных государственных органов предложения для формирования перечня тематических направлений государственной информационной политики на предстоящий год.

      Сноска. Пункт 11 с изменением, внесенным приказом Министра культуры и информации РК от 30.11.2023 № 479-НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      12. Рабочий орган представляет секретарю Комиссии заявки претендентов на получение государственного заказа по проведению государственной информационной политики на региональном уровне для вынесения документов на заседании Комиссии в соответствии с порядком, установленным Правилами.

      13. Члены Комиссии обладают равными голосами при принятии решения. Решения Комиссии принимаются открытым голосованием и считаются принятыми большинством голосов от общего количества присутствующих членов Комиссии. В случае равенства голосов, принятым считается решение, за которое проголосовал председатель Комиссии.

      В случае несогласия с решением Комиссии члены Комиссии излагают свое мнение в письменном виде, которое прилагается к протоколу заседания Комиссии.

      14. В случае отсутствия члена Комиссии на заседаниях в протоколе заседания Комиссии указывается причина его отсутствия с приложением документа, подтверждающего данный факт.

      15. Принятые решения оформляются протоколом, который подписывается председателем, визируется членами и секретарем Комиссии, присутствующими на заседании.

      16. Член Комиссии не участвует в рассмотрении заявок претендентов, если у члена Комиссии имеется прямая или косвенная заинтересованность в участии по проведению государственной информационной политики на республиканском и региональном уровнях.

      В случае если у члена Комиссии имеется прямая или косвенная заинтересованность в участии по проведению государственной информационной политики на республиканском и региональном уровнях, он информирует об этом председателя, членов и секретаря Комиссии.