ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз
"Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 32-бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ережесінің 15-тармағының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ереже бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) "Мемлекеттік ақпараттық саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 150 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22683 болып тіркелген);
2) "Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 30 қарашадағы № 479-НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33724 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережесінің 3-тармағының 4) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы |
К. Искаков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 6 желтоқсандағы № 577-НҚ бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 32-бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ережесінің 15-тармағының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Масс-медиа саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – масс-медиа саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2-тарау. Комиссияның функциялары мен қызметі
3. Комиссияның негізгі функциялары мыналар:
1) республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарын бекіту;
2) уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке сәйкес өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының тізбесін қарау және ұсыныстарды тұжырымдау;
3) республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына сәйкес республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі, оның ішінде балаларға арналған контентті жасауға және өңірлік мерзімді баспасөз басылымдарын дамытуға бағытталған мемлекеттік тапсырысты алуға үміткерлердің өтінімдерін қарау және ұсыныстарды тұжырымдау;
4) республикалық деңгейде мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттардың тақырыптық бағыттарын және олар бойынша қаржыландыру көлемдерін айқындау және бекіту;
5) "Гранттар беру мен олардың іске асырылуын мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 29 қазандағы № 499-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35317 болып тіркелген) (бұдан әрi – Грант қағидалары) бекітілген функцияларды жүзеге асыру;
6) "Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 6 қарашадағы № 527-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35348 болып тіркелген) (бұдан әрi - Республикалық тапсырыс қағидалары) бекітілген функцияларды жүзеге асыру;
7) "Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 6 қарашадағы № 526-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35349 болып тіркелген) бекітілген функцияларды жүзеге асыру болып табылады.
4. Комиссияның құрамы уәкілетті орган ведомствосының басшысы, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, коммерциялық емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатарынан қалыптастырылады және уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
5. Комиссия төрағадан, Комиссия мүшелерінен және хатшыдан тұрады.
Уәкілетті орган ведомствосының басшысы не оны алмастыратын адам Комиссия төрағасы болып табылады.
Уәкілетті орган ведомствосының құрылымдық бөлімшесінің басшысы Комиссия хатшысы болып табылады.
Комиссия хатшысы Комиссияның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды.
6. Комиссия тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады және кемінде бес мүшеден тұрады.
7. Уәкілетті органның ведомствосы Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
8. Комиссия отырыстары, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, заңды деп есептеледі.
9. Комиссия төрағасы Комиссияның жұмысына басшылықты жүзеге асырады, Комиссия отырыстарында төрағалық етеді, Комиссия отырысының күн тәртібін бекітеді, Комиссия отырыстарының хаттамаларына қол қояды, Комиссия шешімдерінің іске асырылуына бақылауды жүзеге асырады.
10. Комиссия мүшелері:
1) үміткерлер ұсынатын қызметтердің сәйкестігін растау үшін олар ұсынған құжаттарды толықтығы және тиісінше ресімделуі тұрғысынан қарайды;
2) Грант қағидаларында көзделген талаптарға құжаттар тізбесімен бірге мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін грантты алуға үміткер ұсынған өтінімдердің сәйкестігі тұрғысынан қорытындылар береді;
3) Республикалық тапсырыс қағидаларында көзделген талаптарға құжаттар тізбесімен бірге республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты алуға үміткер ұсынған өтінімдердің сәйкестігі тұрғысынан қорытындылар береді;
4) Республикалық тапсырыс қағидаларына сәйкес республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысқа балдық бағалау жүргізеді.
11. Комиссия хатшысы:
1) отырыстың күн тәртібін қалыптастырады, қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді, Комиссия отырысын өткізуді ұйымдастырады, Комиссия төрағасы мен мүшелерін Комиссия отырысына дейін үш жұмыс күні бұрын өткізілетін орны, күні мен уақыты туралы хабардар етеді;
2) отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелерін тіркейді, отырыстың күн тәртібін жария етеді, дауыстарды санауды жүргізеді және кворумның бар немесе жоқ екендігін хабарлайды;
3) Комиссия отырыстарының қарауына ұсынылған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді;
3) Комиссия мүшелерінде мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттарды беруге, республикалық және өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты өткізуге қатысуға тікелей немесе жанама мүдделілігінің болуы туралы Комиссия мүшелерін хабардар етеді;
4) жыл сайын, 10 қарашаға дейін орталық мемлекеттік органдардан мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының алдағы жылға арналған тізбесін қалыптастыру үшін ұсыныстарды сұратады.
12. Жұмыс органы құжаттарды Комиссия отырысына шығару үшін үміткерлердің гранттарды және республикалық және өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты алуға арналған өтінімдерін Комиссия хатшысына ұсынады.
13. Комиссия мүшелері шешім қабылдау кезінде тең дауысқа ие болады. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және қатысып отырған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда, Комиссия мүшелері өз пікірін жазбаша түрде баяндайды, ол Комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі.
14. Комиссия мүшесі отырыстарда болмаған жағдайда, Комиссия отырысының хаттамасында аталған фактіні растайтын құжатты қоса бере отырып, оның болмау себебі көрсетіледі.
15. Қабылданған шешімдер хаттамамен рәсімделеді, оған төраға, отырысқа қатысқан Комиссия мүшелері мен хатшысы қол қояды.
16. Егер Комиссия мүшесінің мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттарды беруге, республикалық және өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты өткізуге қатысуға тікелей немесе жанама мүдделілігі болса, Комиссия мүшесі үміткерлердің өтінімдерін қарауға қатыспайды.
Егер Комиссия мүшесінің мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттарды беруге, республикалық және өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты өткізуге қатысуға тікелей немесе жанама мүдделілігі болған жағдайда, ол бұл туралы Комиссия төрағасын, мүшелерін және хатшысын хабардар етеді.