БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері тұрғын үй комиссияларының қызметі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 405 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15642 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері тұрғын үй комиссияларының қызметі қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі |
Н. Ермекбаев |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 287 бұйрығына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 405 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері тұрғын үй комиссияларының қызметі қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тұрғын үй комиссияларының қызметі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері тұрғын үй комиссиялары (бұдан әрі – Комиссия) қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілерді, азаматтық персонал мен олардың отбасы мүшелерін және қызметтік тұрғын үй қорын есепке алу бойынша функциялар, сондай-ақ тұрғын үй қатынастары бойынша басқа да мәселелер жүктелген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымдық бөлімшесі болып Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің аудандық пайдалану бөлімдері айқындалған.
2-тарау. Тұрғын үй комиссиясы қызметінің тәртібі
3. Комиссия адамдардың тақ санынан (кемінде тоғыз адам) және дауыс беру құқығы жоқ Комиссия хатшысынан құрылады.
4. Комиссия құрамы тиісті гарнизон бастығының бұйрығымен бекітіледі.
5. Комиссия құрамына:
1) Комиссия төрағасы – гарнизон бастығы;
2) Комиссия төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі аудандық пайдалану бөлімінің бастығы;
3) гарнизон бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары;
4) гарнизон бастығының құқықтық жұмыс жөніндегі көмекшісі;
5) әскери бөлімдердің командирлері;
6) қаржы қызметінің бастығы;
7) кадр қызметінің бастығы;
8) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясы органының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі офицері;
9) Комиссия хатшысы – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі аудандық пайдалану бөлімі тұрғын үй бөлімінің (бөлімшесінің) әскери қызметшілері (азаматтық персонал).
Комиссия құрамына кіретін адамдар болмаған жағдайда міндеттер оларды алмастыратын адамдарға жүктеледі.
6. Комиссияның қызметі:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларында айқындалған тәртіппен оларды тұрғынжайға мұқтаж деп тану үшін өтініш білдірген азаматтық персоналдың өтініштерін Қағидаларға 1-қосымшаның нысаны бойынша қарауды;
2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 232 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20742 болып тіркелген) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында айқындалған тәртіппен оларды тұрғынжайға мұқтаж деп тану үшін өтініш білдірген әскери қызметшілердің баянаттарын Қағидаларға 2-қосымшаның нысаны бойынша қарауды;
3) бұрын жалға берілген тұрғынжайды айырбастау үшін өтініш жасаған, әскери қызметте күнтізбелік есептеумен он және одан көп жыл, бірақ жиырма жылдан аз болған және оның ішінде жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің аумағында орналасуы салдарынан жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайда тұратын және әскери қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайына немесе штаттардың қысқаруына байланысты 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін әскери қызметтен шығарылған адамдардың өтініштерін қарауды құжат келіп түскеннен кейін бір ай ішінде Қағидаларға 3-қосымшаның нысанына сәйкес жүзеге асыруды;
4) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес әскери қызметшілердің және әскери қызметтен шығарылған адамдардың, сондай-ақ азаматтық персоналдың баянаттарын (өтініштерін) қанағаттандыру не оларға дәлелді бас тартуды шығару туралы шешім қабылдауды.
Дәлелді бас тартумен келіспеген жағдайда әскери қызметшілер және әскери қызметтен босатылған адамдар, сондай-ақ азаматтық персонал құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзу туралы оларға белгілі болған күннен бастап үш ай ішінде сотқа өтінішпен шағымданады.
5) тұрғынжайды бөлу кезектілікке сәйкес қызметтік тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою туралы баянатты берген күннен бастап, сондай-ақ жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда орналасқан әскери бөлімдер командирлерінің қолдаухаты бойынша жүргізіледі;
6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларында айқындалған тәртіппен тұрғынжайды жекешелендіру туралы мәселені шешу үшін өтініш жасаған әскери қызметшілердің және әскери қызметтен шығарылған адамдардың, сондай-ақ азаматтық персоналдың Қағидаларға 4-қосымшаның нысаны бойынша баянаттарын (өтініштерін) қарауды;
7) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабында айқындалған жағдайларда тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілерді және әскери қызметтен шығарылған адамдарды, сондай-ақ азаматтық персоналды есептен шығару туралы шешім қабылдауды;
8) 25 жыл ішінде әскери қызметшілердің, әскери қызметтен шығарылған адамдардың және азаматтық персоналдың баянаттарын (өтініштерін), сондай-ақ оларға қоса берілетін құжаттарды, Комиссия шешімдерін сақтауды, істерді (материалдарды) ресімдеу мен жүргізуді;
9) әскери қызметшілерден және әскери қызметтен шығарылған адамдардан, сондай-ақ азаматтық персоналдан түсініктеме алуды;
10) тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілер мен азаматтық персоналдың кезектілік тізімін жасай отырып, олардың есебін жүргізуді.
11) тұрғынжай алған адамдардың тізімін олардың кезектілігін көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтиды.
7. Комиссия қажеттілігіне қарай, бірақ айына бір реттен сиретпей отырыс өткізеді. Комиссияның отырысы, егер оған дауыс беруге құқығы бар барлық мүшелері не оларды ауыстыратын адамдар қатысса, заңды деп есептеледі.
8. Комиссияның шешімі қарапайым дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады.
Комиссия шешімі Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттама түрінде ресімделеді және оған Комиссия мүшелері қол қояды.
Шешім әрбір әскери қызметші және әскери қызметтен шығарылған адам, сондай-ақ азаматтық персонал бойынша жеке қабылданады.
Дауыс беру құқығы бар Комиссия мүшелері өздерінің ерекше пікірін жазбаша беріп, оны хаттамаға қоса беруі мүмкін, ол туралы кейінгісінде жазба жасалады.
Комиссия тұрғынжай беру туралы шешім қабылдаған жағдайда құрылымдық бөлімше күнтізбелік он бес күн ішінде әскери қызметшілермен және әскери қызметтен босатылған адамдармен, сондай-ақ азаматтық персоналмен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаудың (қосымша жалдаудың) үлгілік шартына сәйкес тұрғынжайды жалдау шартын жасайды.
9. Комиссия хатшысы Комиссия отырысының хаттамасын жүргізеді.
10. Комиссия шешімі, егер оны қатысып отырған мүшелер санының үштен екісі қабылдаса, заңды болып табылады.
11. Комиссия уәкілетті орган не гарнизон таратылған немесе қайта ұйымдастырылған кезде өз қызметін тоқтатады.
Өтініш
Сізден мені және менің отбасы мүшелерімді (отбасы құрамының өзгеруіне
байланысты) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
75-бабының 1-тармағына сәйкес тұрғын үй қорынан саны ___ бөлме тұрғынжай беру
үшін ___________ гарнизоны бойынша қызметтік тұрғын үйге мұқтаждар есебіне
қоюды сұраймын. (атауы)
Отбасы құрамы:
1. ___________________________________________, ЖСН: _________________;
(отбасы мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туыстық дәрежесі) (нөмірі)
2. ___________________________________________, ЖСН: _________________.
(отбасы мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туыстық дәрежесі) (нөмірі)
Менде және менімен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты
пайдалануда коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайдың болуын немесе
болмауын тексеруге қарсы емеспін.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісім беремін.
Қосымша __ парақта:
Қоса беріліп отырған құжаттардың атауы:
1) ____________________;
2) ____________________.
_____________________________
(күні, азаматтың қолы)
Баянат
Сізден мені және менің отбасы мүшелерімді (отбасы құрамының өзгеруіне
байланысты) "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан
Республикасы Заңының 101-2-бабында көзделген тұрғынжайға өз құқығымды іске
асыру үшін ________________ гарнизоны бойынша қызметтік тұрғын үйге мұқтаждар
есебіне (атауы)
қоюды сұраймын.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік
қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын
құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Қосымша ___ парақта:
Қоса беріліп отырған құжаттардың атауы:
1) ____________________;
2) ____________________.
_____________________________
(күні, әскери қызметшінің қолы)
Өтініш
Сізден "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан
Республикасының Заңы 5-бабының 6-1-тармағына сәйкес маған _______________
(атауы)
гарнизонында орналасқан жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғын үйді
_________________ гарнизонының тұрғын үй қорынан жекешелендіруге жататын
тұрғын (атауы)
үй беру үшін айырбастау жүргізуді сұраймын.
Отбасы құрамы:
1. ___________________________________________ , ЖСН: ________________;
(отбасы мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туыстық дәрежесі) (нөмірі)
2. ___________________________________________ , ЖСН: ________________.
(отбасы мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туыстық дәрежесі) (нөмірі)
Менде және отбасы мүшелерінде коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген
тұрғынжайдың болуын немесе болмауын тексеруге қарсы емеспін.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді
пайдалануға келісім беремін.
Қосымша ___ парақта:
Қоса беріліп отырған құжаттардың атауы:
1) ____________________;
2) ____________________.
_____________________________
(күні, азаматтың қолы)
Баянат (Өтініш)
Сізден ________________ мекенжайы бойынша тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайды
(атауы)
өтеусіз (қалдық құны бойынша) жекешелендіруге рұқсат беруіңізді сұраймын:
Әскери қызметшінің (азаматтың) кәмелетке толған отбасы мүшелерінің келісімі:
1. __________________________________________________________________;
(отбасы мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туыстық дәрежесі, азаматтың қолы)
2. __________________________________________________________________.
(отбасы мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туыстық дәрежесі, азаматтың қолы)
Менде және отбасы мүшелерінде коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген
тұрғынжайдың болуын немесе болмауын тексеруге қарсы емеспін.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісім беремін.
Қосымша ___ парақта:
Қоса беріліп отырған құжаттардың атауы:
1) ____________________;
2) ____________________.
________________________________
(күні, әскери қызметшінің (азаматтың) қолы)
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидаларына 5-қосымша |
|
Нысан |
_____________________ (атауы) гарнизоны тұрғын үй комиссиясы отырысының
№_____ ХАТТАМАСЫ
20__ жылғы "___" _________ _______________ қ.
(күні, айы, жылы) (қала атауы)
_________________________ гарнизонының тұрғын үй комиссиясы
(атауы)
____________________ гарнизоны бастығының
(атауы)
20__ жылғы "__" _______________ № ___ бұйрығына сәйкес құрамында:
(күні, айы, жылы) (бұйрықтың нөмірі)
1) ______________ гарнизоны тұрғын үй комиссиясының төрағасы –
(атауы)
_____________________________,________ гарнизонының бастығы;
(әскери атағы, қолы, тегі және инициалдары) (атауы)
2) ___________________ гарнизоны тұрғын үй комиссиясы төрағасының орынбасары –
(атауы)
______________________, Қазақстан Республикасы
(әскери атағы, қолы, тегі және инициалдары)
Қорғаныс министрлігі ___________________ аудандық пайдалану бөлімінің бастығы;
(атауы)
тұрғын үй комиссиясының мүшелері:
3) __________________________, __________ гарнизоны бастығының тәрбие
(әскери атағы, қолы, тегі және инициалдары) (атауы)
және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары;
4) _____________________, _____________ гарнизон бастығының құқықтық жұмыс жөніндегі көмекшісі;
(әскери атағы, қолы, тегі және инициалдары) (атауы)
5) ____________________________, _____________ әскери бөлімінің командирі;
(әскери атағы, қолы, тегі және инициалдары) (атауы)
6) _________________, ________гарнизоны әскери полициясы жасағының сыбайлас жемқорлыққа
(әскери атағы, қолы, тегі және инициалдары) (атауы)
қарсы іс-қимыл жөніндегі офицері;
7) ________________________, _______________________ қаржы қызметінің бастығы;
(әскери атағы, қолы, тегі және инициалдары) (атауы)
8)__________________________, _______________________ кадр қызметінің бастығы;
(әскери атағы, қолы, тегі және инициалдары) (атауы)
____________________ гарнизоны тұрғын үй комиссиясының хатшысы –
(атауы)
_______________________, Қазақстан Республикасы
(әскери атағы, қолы, тегі және аты-жөні)
Қорғаныс министрлігі ______________ аудандық пайдалану бөлімі тұрғын үй бөлімінің
(атауы)
(бөлімшесінің) ____________________.
(атауы)
Мынадай күн тәртібімен тұрғын үй комиссиясының отырысын өткізді:
1) ________________ гарнизоны бойынша тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою үшін әскери қызметшілердің,
(атауы)
сондай-ақ азаматтық персоналдың құжаттарын қарау.
Тұрғын үй комиссиясы келіп түскен материалдарды қарап, шешім қабылдады:
Р/с № | Т.А.Ә. (болған кезде) |
Қызмет |
Әскери атағы | ҚР ҚК-мен еңбек қатынасы | Отбасы құрамы | Баянат | S | Қабылданған шешім |
Тұрғын үй комиссиясының осы шешімдері комиссия мүшелерінің дауыс беруіне шығарылды.
Ерекше пікір: __________________________________________________
(болған жағдайда)
"Үшін" _____, "Қарсы" _____ дауыс берді.
2) тұрғынжайға мұқтаж адамдардың кезектілік тізіміне сәйкес __________________
(атауы)
гарнизонының тұрғын үй қорын бөлу;
Тұрғын үй комиссиясы тұрғынжайға мұқтаж адамдардың кезектілік тізімін қарап, шешім қабылдады:
Р/с № | Әскери атағы (болған кезде)Т.А.Ә. (болған кезде) |
Қызмет | ҚР ҚК-мен еңбек қатынасы | Отбасы құрамы |
Ұсынылған тұрғынжайдың мекенжайы | Ескертпе |
Тұрғын үй комиссиясының осы шешімдері комиссия мүшелерінің дауыс беруіне шығарылды.
Ерекше пікір: ____________________________________________________
(болған жағдайда)
"Үшін" _____, "Қарсы" _____ дауыс берді.
3) әскери бөлімдер командирлерінің жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың
тұрғын үй қорын ______________
(атауы)
гарнизонының мұқтаж адамдарына бөлу туралы қолдаухаттарын қарау.
Тұрғын үй комиссиясы әскери бөлімдер командирлерінің келіп түскен өтініштерін қарап, шешім қабылдады:
Р/с № |
Әскери атағы (болған кезде) | Қызмет (жұмыс) орны | Қолдаухатты тіркеу нөмірі | Отбасы құрамы | Тұрғынжайдың мекенжайы (бөлмелер саны, жалпы алаңы) | Қабылданған шешім |
Тұрғын үй комиссиясының осы шешімдері комиссия мүшелерінің дауыс беруіне шығарылды.
Ерекше пікір: _________________________________________________
(болған жағдайда)
"Үшін" _____, "Қарсы" _____ дауыс берді.
4) әскери қызметте күнтізбелік есептеумен он және одан көп жыл, бірақ жиырма жылдан аз болған және оның ішінде жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің аумағында орналасуы салдарынан жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайда тұратын және әскери қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайына немесе штаттардың қысқаруына байланысты 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін әскери қызметтен шығарылған адамдардың ________________
(атауы)
гарнизонында қызметтік тұрғынжайды ауыстыруды жүзеге асыру үшін келіп түскен өтініштерін қарау.
Тұрғын үй комиссиясы көрсетілген санаттағы адамдардың өтініштерін қарап, шешім қабылдады:
Р/с № | Әскери атағы (болған кезде) Т.А.Ә. (болған кезде) | Қызмет орны | ҚР ҚК-мен еңбек қатынасы | Отбасы құрамы | Қызметтік тұрғынжайда нақты тұратын мекенжайы (бөлмелер саны, жалпы алаңы) |
Ұсынылған тұрғынжайдың мекенжайы |
Тұрғын үй комиссиясының осы шешімдері комиссия мүшелерінің дауыс беруіне шығарылды.
Ерекше пікір: ________________________________________________
(болған жағдайда)
"Үшін" _____, "Қарсы" _____ дауыс берді.
5) әскери қызметшілердің және әскери қызметтен шығарылған адамдардың, сондай-ақ азаматтық персоналдың тұрғынжайды жекешелендіруге баянаттарын (өтініштерін) қарау.
Тұрғын үй комиссиясы көрсетілген санаттағы адамдардың баянаттарын (өтініштерін) қарап, шешім қабылдады:
Р/с № | Тұрғынжайдың мекенжайы (бөлмелер саны, жалпы алаңы) | Әскери атағы (болған кезде) Т.А.Ә. (болған кезде) | Жекешелендіру түрі | Отбасы құрамы, күнтізбелік есептеумен еңбек сіңірген жылдары (еңбек өтілі) | Қабылданған шешім |
Тұрғын үй комиссиясының осы шешімдері комиссия мүшелерінің дауыс беруіне шығарылды.
Ерекше пікір: ______________________________________________________
(болған жағдайда)
"Үшін" _____, "Қарсы" _____ дауыс берді.
6) тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілерді және әскери қызметте болған адамдарды, сондай-ақ азаматтық персоналды есептен шығару мәселелерін қарау.
Тұрғын үй комиссиясы келіп түскен материалдарды қарап, шешім қабылдады:
Р/с № | Әскери атағы (болған кезде) Т.А.Ә. (болған кезде) | Қызмет (жұмыс) орны | Құжаттың тіркеу нөмірі | Мұқтаждар есебінен шығару негіздемесі | Ескертпе |
Тұрғын үй комиссиясының осы шешімдері комиссия мүшелерінің дауыс беруіне шығарылды.
Ерекше пікір: _________________________________________________________
(болған жағдайда)
"Үшін" _____, "Қарсы" _____ дауыс берді.
Тұрғын үй комиссиясының төрағасы:
әскери атағы қолы Т.А.Ә. (бар болған кезде)
Тұрғын үй комиссиясы төрағасының орынбасары:
әскери атағы қолы Т.А.Ә. (бар болған кезде)
Комиссия мүшелері:
әскери атағы қолы Т.А.Ә. (бар болған кезде)
Тұрғын үй комиссиясының хатшысы
әскери атағы қолы Т.А.Ә. (бар болған кезде)