"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 232 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 мамырда № 20742 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің мынадай бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 222 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11340 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) "Қызметтік тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2015 жылғы 17 маусымдағы № 349 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11725 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Н. Ермекбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      __________________________

      2020 жылғы "___"_________

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2020 жылғы 26 мамырдағы
№ 232 бұйрығымен
бекітілген

"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 27.03.2023 № 237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің аудандық пайдалану бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      3. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) көрсетілетін қызметті беруші тұрғын үй бөлімінің (бөлімшесінің) жауапты орындаушысы – тұрғын үй комиссиясының хатшысы;

      2) тұрғын үй комиссиясы – әскери қызметшілерді қызметтік тұрғын үйге мұқтаж деп тану мәселелерін және тұрғын үй қатынастары бойынша басқа да мәселелерді қарау үшін тиісті гарнизон бастығының бұйрығымен құрылатын комиссия.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған не ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баянатпен өтініш жасайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген мәліметтер (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға 2-қосымшада жазылған.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі Тізбенің 9-тармағында айқындалған.

      5. Көрсетілетін қызметті беруші тұрғын үй бөлімінің (бөлімшесінің) жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге баянаттың қабылданғаны туралы белгіні жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші баянатты қабылдаудан бас тартады.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші баянатты қабылдаған сәттен бастап уәкілетті органның басшысы баянатты орындау үшін тұрғын үй комиссиясының хатшысына жолдайды.

      7. Тұрғын үй комиссиясының хатшысы ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары саласындағы заңнамасына сәйкестігін қарайды және қоса берілген құжаттармен бірге көрсетілетін қызметті алушының баянатын тұрғын үй комиссиясы отырысының қарауына шығарады.

      8. Тұрғын үй комиссиясы ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары саласындағы заңнамасына сәйкестігін қарайды және көрсетілетін қызметті алушының баянаты қабылданған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей қызметтік тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою не есепке қоюдан бас тарту туралы хаттамалық шешім қабылдайды.

      9. Тұрғын үй комиссиясы хаттамалық шешім қабылдағаннан кейін тұрғын үй комиссиясының хатшысы Тізбенің 6-тармағында айқындалған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қалыптастырады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту Тізбенің 10-тармағына сәйкес жүзеге асырылады, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 73-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      10. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жолданады. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижесі бойынша тұрғын үй комиссиясы көрсетілетін қызметті алушыны қызметтік тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою туралы не есепке қоюдан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта өтініш жасай алады.

      11. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсетуді мониторингтеудің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      Қағидаларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген кезде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, Бірыңғай байланыс орталығына және көрсетілетін қызметті берушіге бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жолдайды.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) қарайды.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.

      13. Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 91-бабының 4-тармағына сәйкес әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жолдамауға құқылы.

      14. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      16. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің
қызметтік тұрғын үйге мұқтаж
әскери қызметшілерін
есепке қою" мемлекеттік
қызметін көрсету
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан



№________ "Тіркеу нөмірі" _________ "Баянат берілген күні"

  __________________ гарнизоны
(атауы)
тұрғын үй комиссиясының
төрағасына
_________________ мекенжайы
бойынша тұратын
әскери қызметші
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының
____________________________
әскери атағы, тегі, аты, әкесінің
аты (болған кезде)
____________________________
(мемлекеттік мекеменің
(әскери бөлімнің) атауы)

Баянат

      Сізден мені және менің отбасымның мүшелерін (отбасы құрамының өзгеруіне байланысты) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 101-2-бабында көзделген тұрғын үйге өз құқығымды іске асыру үшін ________________________ гарнизоны бойынша қызметтік тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қоюыңызды сұраймын.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйеде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.



  "Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің
қызметтік тұрғын үйге мұқтаж
әскери қызметшілерін
есепке қою" мемлекеттік
қызметін көрсету
қағидаларына
2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою"

2.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің аудандық пайдалану бөлімдері

3.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал)

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Күнтізбелік 30 (отыз) күн

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке қою күнін және кезектің реттік нөмірін көрсетумен қызметтік тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою туралы анықтама не Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтік тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қоюдан бас тарту туралы анықтама беру

7.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

8.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
2) порталда – жөндеу жұмысын жүргізуге байланысты техникалық үзілісті қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде баянаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады)

9.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

1) мемлекеттік мекеменің кадр бөлімшесі (жасақтау бөлімшесі) берген отбасы құрамы және өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына өтемақы алу туралы мәліметтер көрсетілген қызмет орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі;
2) баянат тіркелген күнге дейін күнтізбелік он күн ішінде алынған мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында орналастырылған жалдаушы бойынша ақпараттың электрондық көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушыда және оның отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануда мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы);
3) жұбайы (зайыбы) мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның қызметкері болып табылған жағдайда баянат тіркелген күнге дейін бір ай ішінде алынған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу туралы мәліметтері бар көрсетілетін қызметті алушы жұбайының (зайыбының) жұмыс орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі;
4) егер көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй берілген жағдайда бұрынғы қызмет орны бойынша қызметтік тұрғын үйді тапсырғаны туралы анықтаманың электрондық көшірмесі;
5) отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмейтін жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы жүргізген санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижесі бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының электрондық көшірмесін қосымша ұсынады;
6) отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген техникалық талаптарға сәйкес келмейтін жағдайда көрсетілетін қызметті алушы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы аттестатталған сарапшының техникалық қорытындысының (тұрғын үйді техникалық тексеру нәтижесі бойынша) электрондық көшірмесін қосымша ұсынады;
7) жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екі және одан көп отбасы тұрып жатқан жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы өзі тұратын тұрғын үй-жайға техникалық паспорттың (бар болған кезде) және құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесін қосымша ұсынады (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған кезде);
8) егер көрсетілетін қызметті алушы тұрғын үй жағдайларын жақсарту қажеттілігіне байланысты оны тұрғын үйге мұқтаж деп тану туралы баянат берген жағдайда тұратын тұрғын үйдің алаңын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
9) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларының 44-тармағында көзделген жағдайларда тұрғын үй төлемдерін пайдалануды растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері.
Жеке басын куәландыратын құжаттардың, некеге тұру немесе оны бұзу, балалардың тууы туралы куәліктің, өздеріне меншік құқығында тиесілі тұрғын үйдің (Қазақстан Республикасы бойынша) болуы немесе болмауы туралы анықтаманың, отбасында он сегіз жасқа толмаған мүгедек бала болған кезде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінен мүгедектік туралы анықтаманың, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-14 бұйрығымен бекітілген Кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізімінде атап көрсетілген аурулармен ауыратын отбасы мүшелері болған кезде денсаулық сақтау ұйымынан анықтаманың мәліметтері көрсетілетін қызметті берушіге барлық отбасы мүшелеріне тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы ұсынылады.

10.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) нақты еместігін анықтау;
2) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектелген дербес деректерге қолжетімділікке келіспеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдың, объектілердің, деректер мен мәліметтің "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 101-3-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі

11.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қолжетімділік режимінде көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы мемлекеттік қызметті көрсету белгісі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған телефон арқылы алуға болады

  "Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің
қызметтік тұрғын
үйге мұқтаж әскери
қызметшілерін есепке қою"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
3-қосымша

      Нысан



__________________________ гарнизонында қызметтік тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою туралы анықтама

      Әскери қызметші __________________________________________________________,

      (көрсетілетін қызметті алушының әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      ол және оның отбасы мүшелері _________________________ бойынша ____________

      (гарнизонның атауы)       (кезектегі нөмірі)

      болып қызметтік тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрғаны туралы берілді:

      1)________________________________________________________________________;

      (туыстық дәрежесі, көрсетілетін қызметті алушы отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      2)________________________________________________________________________;

      (туыстық дәрежесі, көрсетілетін қызметті алушы отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      3)________________________________________________________________________;

      (туыстық дәрежесі, көрсетілетін қызметті алушы отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      4)….

      Тұрғын үй комиссиясының 20 __ жылғы "____" ___________ № ____ хаттамасымен

      әскери қызметші ________________________________________ және оның отбасы мүшелері

      (тегі және аты-жөні)

      _____________________ бастап тұрғын үйге мұқтаж деп танылды.

      (күні, айы, жылы)

      Анықтама талап етілетін орны бойынша ұсыну үшін берілді.

      Анықтама берілген күні__________ "Берілген күні".

      Анықтама жарамды: мерзімсіз.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: ____ "Орындаушының Т.А.Ә. (болған кезде)".

      Деректер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесінен ұсынылды.

      Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.



  "Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің
қызметтік тұрғын
үйге мұқтаж әскери
қызметшілерін есепке қою"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
4-қосымша

      Нысан



  Тегі, аты, әкесінің аты
(болған кезде)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

________________ гарнизонында қызметтік тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қоюдан бас тарту туралы анықтама

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ___ бабы

      ___тармағының ___ тармақшасын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік қызмет

      көрсетуден бас тартады _________________________________________________.

      (мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету)

      Анықтама берілген күні__________ "Берілген күні".

      Анықтама жарамды: мерзімсіз.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: __ "Орындаушының Т.А.Ә. (болған кезде)".

      Деректер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесінен ұсынылды.

      Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады